Page 349 - indexf
P. 349

Сорап ұзындығы бойынша ГСҚ-ның шығыны, шығару желісіне қарай
қысымның өсуі мен сұйықтағы еркін газ мөлшерінің азаюына байланысты
тұрақты болмайтынын ескеру қажет. Өз кезегінде сұйықтың қасиеті мен оның
тұтқырлығы сораптың ағын сипаттамасына әсер етеді. Сондықтан одан әрі
таңдалған тереңдіктен Lн мұнайдың берілген мөлшерін Qжеу көтеруді қамтамасыз
ету үшін сұйықты сору кезінде таңдалынып алынған сұйық бергіштік Qв пен
ағынды Нвс бағалаймыз (сорап арқылы өтетін ГСҚ-дағы еркін газдың және оның
тұтқырлығының сораптың жұмыс сипаттамасына әсерін ескере отырып). Qв
және Нвс мәліметтері мен паспорттық сипаттамасы бойынша келесідей жағдайды
қанағаттандыратын сорап түрін таңдайды:

						          0,65 ≤ Qв / Qвопт 1,25 	     (13.11)

мұндағы, Qв опт – оптималды режимдегі сораптың паспорт бойынша сұйық
бергіштігі,

						          Нвс Нпв – ΔН	                (13.12)

мұнда, Нпв – паспорттағы сипаттамасы бойынша сәйкесті өнімділігі; Qв – тең
сорапттардың ағыны; ΔН – суда жұмыс істеген кезде Нпв мүмкін арынға қайта
есептеу үшін түзетулер:

					  ΔН = 0,92 Qвопт / 3,9 + 0,023Qвопт 	  (13.13)

мұнда, Н в опт Qв опт – сораптың паспорттағы сипаттамасы бойынша оптималды
ағын (м) мен оптималды шығын (м3/тәу).

     Паспорттық сипаттамалардың қандай да болмасын сорап партиялары үшін
суда жұмыс істейтін бірнеше сораптарды сынаудың орташа нәтижесі арқылы
анықталатындығымен түсіндіріледі. Сондықтан жұмыс аппараттарының
құрылымындағы кейбір геометриялық ауытқулардың әсерінен; судың тұтқырлық
әсерінен, ұңғымадағы өнімнің тұтқырлық ерекшелігінен және т.б. сораптың
нақтылы (мүмкін) сипаттамасы паспорттағыдан өзгеше болуы мүмкін. Белгілі
Нвс, мен Qв бойынша қозғалтқыштың куаттылығын таңдайды.

     Таңдалып алынған сорапты агрегат ГСҚ сору кезінде жұмыс ағынынан
қажетті іске қосу ағынын Носв арттырған жағдайда жұмыс істеуі керек. Ұңғыны
агрегатымен жұмысқа қосу мүмкіндігін НнQохл – ΔН өлшемімен ұңғыны іске қосу
кезінде сорап тудыратын ағындар Носв балансын теңестіру нәтижесі бойынша
тағайындайды. Мұнда НнQохл - сұйықтың минималды мүмкін шығымы Qохл және
қозғалтқышты ұзақ үзіліссіз пайдалану кезіндегі паспорттық сипаттамасы
бойынша сораптың ағыны. Егер

					  Носв ≥ 0,98(НнQвкл – ΔН)		            (13.14)

онда ұңғыма сораппен игерілуі мүмкін.

                349

       МАЗМ¦НЫ
   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354