Page 352 - indexf
P. 352

Гидропоршеньді сорапты пайдалану тәсілі
     Гидропоршеньді сорапты қондырғылар (13.12-сурет) құбырдың (10)
төменгі бөлігінде орнатылған сораппен (13) поршеньді гидравликалық
қозғалтқыштан және жоғарыда орналасқан сораптан (4), сұйықты тұндыруға
арналған ыдыстан (2) және оны тазартатын айырғыштан (6) тұрады. Құбырға
(10) түсірілетін сорап (13) ершікке (14) (седлоға) отырады, мұнда ол құбырдың
(10) орталық қатары бойынша ұңғыға айдалатын жұмысшы сұйығының ағыны
әсерінен отыру конусына (15) нығыздалады. Золотникті қондырғы, сұйықты
қозғалтқыш поршеньнің үстіңгі немесе астыңғы кеңістігіне бағыттайды және
сондықтан ол тік бағытта, қайтымды-түсімді қозғалыс жасайды. Кері клапан
(16) арқылы сорылатын ұңғыдағы мұнай, ішкі (10) және сыртқы (11) құбырлар
қатарының сақиналы кеңістігіне бағытталады. Қозғалтқыштан игерілген сұйық
(мұнай) осы кеңістікке келіп түседі, яғни өндірілетін сұйық және жұмысшы
сұйығы сақиналы кеңістік бойымен бір уақытта көтеріледі. Сорапты көтеру
қажеттілігі туындаған кезде жұмысшы сұйығын айдаудың бағытын өзгертеді –
оны сақиналы кеңістікке жібереді (13.12-сурет). Гидропоршеньді сораптарды
өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалуына және
т.б. байланысты дара және қос әсерлі деп бөледі. Бұндай сораптар п.ә.к. 0,6-ға
дейінгі өте үлкен тереңдіктен (4000-4500 м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.
     Гидропоршеньді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі
түсіріп-көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару
мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы
жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыны ұқыпты тазалап тұру үшін оны жұмысшы
сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікте орналастыру қажеттілігіне байла-
нысты.
     Бұрандалы сораптар қондырғылары
     Қайраңда ұңғыларды осы қондырғылармен пайдалану үлкен қызығушылық
тудырады.
     Терең бұрандалы сорап (13.13-сурет) Lnom қадамы бар қарапайым спираль
(бұранда) түрінде болатын ротордан (13.13 а-сурет) және Lcm қадамы бар, ротор
қадамынан екі есе үлкен болатын екіеселік спираль түрінде статордан (13.13
б-сурет) тұрады.
     13.13 в-суретте сораптың жиналған түрінің бөлігі көрсетілген. Бұрандалы
сораптың негізгі параметрлері: ротор диаметр D, статордың қадам ұзындығы
Lcm және эксентриситет L . Ротор және статор арасындағы қуыстар бөлінген.
Ротордың айналу кезінде осы қуыстар радиус және ось бойымен “ығысады”.
Қуыстардың “ығысуы” сұйықты төменнен жоғары қарай итереді, сондықтан
кей жағдайда осы сорапты ығыстыратын қуысы бар сорап деп атайды.

     Негізінен, бұрандалы ротор үйкелуге қарсы хромдалған және басқа да
жапқыштармен жабылған беріктігі өте жақсы болаттардан жасалады. Статор
пластикалық материалдан дайындалып, тұлғада орналасады. Статордың мате-

         352

МАЗМ¦НЫ
   347   348   349   350   351   352   353   354   355   356   357