Page 350 - indexf
P. 350

Qохл (сұйықтың минималды мүмкін шығымы) БЭҚ салқындатудың қажетті
режимі қамтамасыз ету барысында электрқозғалтқыш тұлғасы мен шегендеу
құбырының қабырғасы арасындағы сақиналы кеңістіктегі сұйықтардың мини-
малды мүмкін шығынына сәйкес келеді:

					  Носв ≥ 0,98(НнQвкл – ΔН) 	  (13.15)

     мұнда, Qохл – сақиналы кеңістіктегі сұйықтар қозғалысының минималды
мүмкін жылдамдығы (арнайы кесте бойынша анықталады); Dэк, D2д – шеген
құбыры мен электроқозғалтқыш тұлғасының сәйкесті диаметрлері.

     Егер (6.5) шарты сақталмаса, онда мүмкіндігі жоғары сорапты қайта таңдау
қажет немесе оның сұйықты қабылдау аузында газайырғышты орнату керек.
Ағын бойынша Н сораптың қажетті сипаттамасы, параметрі бойынша ұқсас
келетін сораптың паспорттағы сипаттамасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл
жағдайда таңдалынып алынған сораптың арынын штуцердің көмегі арқылы
сағадағы қарсы қысымды ұлғайту жолымен немесе сораптың кейбір (жекелеп
алынған) сағаларының санын ∆z олардың қаптамасын ауыстыра отырып азайту
арқылы реттейді. Алынып тасталатын сатылар санын мына формула бойынша
анықтайды.

						          Δz = z0 (ΔН/Н)	    (13.16)

мұнда, Z0 – сораптағы сатылардың жалпы саны; ∆Н және Н – сатылар саны
толық болған кездегі сәйкесті артық және үдемелі ағыны.

     Егер штуцерді пайдаланса, онда қондырғының п.ә.к. төмендейді, бірақ бұл
кезде реттеу нақтылы іске асады (сорапты бөлшектемей-ақ).

     Ұңғыны пайдалану үдерісі кезінде, кейде агрегатты ауыстыру жұмысы
кезінде ауқымды түсіріп-көтеру (операцияларын жүргізудің кажеттілігі
туындаған кезде, өнімінің сулануына, өнімнің құрамындағы газдардын
өзгерісіне және т.б. жағдайларда алынатын сұйық мөлшерінің өзгерісіне байла-
нысты БОТЭСҚ-ның параметрлерін кең ауқымда реттеу қажет болады.

     Сондықтан БОТЭСҚ-ның сипаттамасын реттеу мен арттырудың тәсілдері
ұсынылады. Олардың ішіндегі біреуі – сораптың электрқозғалтқышының
жиілігін реттеу жолы арқылы жұмыс істеп тұрған сорап білігінің айналу
жиілігін өзгертеді (БЭҚ білігінің айналу жиілігі тоқтың жиілігіне пропорционал
тіке байланыста болады), осының нәтижесінде сораптың сұйық бергіштігі мен
ағыны кең ауқымда бір мезгілде өзгереді. Жиілікті реттеу БОТЭСҚ-ның өлшем
түрлерінің қажетті санын қысқартуға мүмкіндік береді.

     Тәжірибелер көрсеткендей (тиристорлы сериялы жиілік туғызатын ТПЧ-
4 қолдана отырып), мысалы, ОТЭС 6-500 сорабын пайдалану, оның сұйық
бергіштігін 220-780 м3/тәу. аралығында өзгеруі мүмкін. БЭҚ жиілігінің 30-дан
70 Гц-ге дейін өзгеруіне байланысты ротордың айналу жиілігінің жылдамдығы

                350

       МАЗМ¦НЫ
   345   346   347   348   349   350   351   352   353   354   355