Page 348 - indexf
P. 348

3-қисығы бойынша (13.12-сурет) сорапты түсіру тереңдігін (сораптың
сұйықты қабылдауындағы мұнай құрамындағы көлемді газдың мүмкін мәні
бойынша; βвх = 0,05÷0,25 және қысымды (13.12-сурет, 1-қисығы) алдын ала
бағалайды. Сорапқа кірер ауыздағы мұнай құрамындағы шығынды газдың
шектері газдалған сұйықты сору уақыты кезіндегі БОТЭСҚ сыну мәліметтері
бойынша анықталады. Егер βвх = 0,÷0,25 болса, онда газ сорап жұмысына елеусіз
әсер етеді, ал егер βвх = 0,25÷0,3 болса, онда сораптың сұйық бергіштігінің жиі-
жиі үзіліп қалуы болады. Сораптың сұйықты қабылдауындағы қысым 1-1,5
МПа аз болмаса орынды болар еді. Сораптың сұйықты шығару аузындағы Рвых,
яғни СКҚ ең төменгі қимасындағы қысымды анықтау үшін жинау жүйесіндегі
қысымға тең келетін сағадағы белгілі қысымнан Ру жоғарыдан төмен қарай
адымдау арқылы құбырдағы қысымының таралуын есептейді (13.12-сурет,
2-қисығы). Бұл жағдайда сораптың сұйықты қабылдау аузында газдың жар-
тылай бөліне бастауын ескереді, ол сорапты айналып өтіп, сақиналы кеңістік
бойынша жоғарыға қарай жылжиды және кері клапан арқылы шығару желісіне
қарай бағытталады.

     СКҚ-ғы қысымның таралуын есептеу кезінде олардың диаметрін d
шығымды есептеу арқылы тағайындайды:

     Qжеу < 150 м3 / тәу d = 60 мм;

     150 < Qжеу 300 м3 / тәу d = 73 мм;

     Qжеу < 300 м3 / тәу d = 89 мм;

     1- және 2-қисығы бойынша сорапты түсірген тереңдіктен берілген шығымды
алуға қажетті қысымның айырмашылығын анықтайды:

						   Рс = Рвык – Рвх 	  (13.10)

     Стандартты жағдайда табылған Рс мәні мен берілген шығым Qжеу бойын-
ша жеткілікті дәлдіктегі сораптың орынды сипаттамасын таңдауға болмай-
ды. Өйткені су айдау үдерісінен алынатын мәліметтер бойынша жасалатын
зауыттың сипаттамасында газсұйық қоспасы қасиеттерінің әсері мен агрегат-
тар жұмысының термодинамикалық шарты ескерілмейді. Сорап арқылы өтетін
нақтылы сұйықтың шығыны берілген Qжеу мәнінен айырмашылықта болады,
осыған байланысты сораппен сорылатын сұйықта газдың көп мөлшері еруі
мүмкін. Сұйық электрқозғалтқышты жуа отырып жылытады. Бұдан өзге олардың
құрамында елеусіз еркін газ мөлшері болады және осы факторлар сорап арқылы
өтетін газды сұйық қоспасының (ГСҚ) көлемінің елеулі түрде ұлғаюына жағдай
жасайды (стандартты жағдайда Qжеу берілген шығыммен салыстырғанда).

         348

МАЗМ¦НЫ
   343   344   345   346   347   348   349   350   351   352   353