Page 345 - indexf
P. 345

паратынан тұрады. Жұмыс дөңгелегі білікке ортақ шпонкамен бекітілген және
сырғанақты қондырмасы бар, ал бағыттаушы аппараттар – сорап тұлғасында
(корпусында) орналасқан, диаметрі 92-ден 114 мм-ге дейінгі құбырлардан
тұрады. Сатылар саны 400-ге дейін жетуі мүмкін. Олардың әрқайсысы со-
рап тұлғасының диаметріне байланысты ағынның (суда жұмыс істеген кезде)
қарқынын 3,8-ден 6,8-ге м дейін арттырады. Дөңгелек айналған уақытта ағын
сорап арқылы жедел қарқын алып, қысымға айналады және сатылардың саны-
мен, жұмыс дөңгелегінің айналу жиілігімен, сорап диаметрімен және бірқатар
басқа да факторлармен анықталады.

     Қазіргі уақытта бергіштігі 40-тан (ОТЭС5-40-950) 3000 м3/тәу. дейінгі со-
раптар жасалуда. Бұл сораптың шифры мынаны білдіреді: 5 таңбасы – топты
(сорап тағайындалған шеген құбырының дюймдегі диаметрі); 40 – номиналды
сұйық бергіштігі, м3/тәу; 950 – сорап тудыратын арын, м.

     Көлденең өлшемі бойынша сораптар шартты топтарға бөлінген: 5,5А және
6,5 топтағы сораптар, шеген құбырының ішкі диаметрі 121,7 мм кем болмайтын
пайдалану ұңғыларына арналған; 5А тобындағы – диаметрі 130 мм кем емес; 6
топтағы – диаметрі 144,3 мм кем емес.

     13.9-суретте батырылмалы ортадан тепкіш электрсорабының
гидравликалық сипаттамасы көрсетілген. Ысырма жабық тұрған кезде және
сұйық бергіштігі Q=0 болғанда, сорап ең жоғарғы ағынды Нmax тудырады
(13.10-сурет, 1-қисығы). Бұл жағдайда п.ә.к. нөлге тең болады. Егер сорап
сұйықты көтермей-ақ жұмыс істесе (ағын Н=0, п.ә.к. =0), оның сұйық бергіштігі
ең жоғары Qmax болып табылады.

13.10-сурет. Батырмалы ортадан тепкіш электросо-
  рап қондырғысының гидравликалық сипаттамасы

     Сораптың едәуір мақсатты ауқымды жұмысы – өте жоғары п.ә.к. аймағы бо-
лып табылады (13.11-сурет, 2-қисығы). Ηmax мәні 0,5-0,6 жетеді. Ағын Нопт және

         345

МАЗМ¦НЫ
   340   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350