Page 346 - indexf
P. 346

сұйық бергіштік Qопт өте жоғары (максималды) п.ә.к. нүктесіне сәйкес келсе, со-
рапты пайдалану режимін оптималды деп атайды. Өндірісте қарапайым сорап-

тардан басқа тоттануға өте берік, шыдамды келетін сораптарды да шығарады.

Олар құрамында 1%-ға дейін құмы бар сұйықты айдап шығара алады.

13.11-сурет. Кірердегі Рпр шығардағы Рвых қысымдар және
кірердегі шығындалатын газ құрамы бойынша БОТЭСҚ ба-

         тыру тереңдігін анықтауға арналған графигі

     Батырылмалы электрқозғалтқыш (БЭҚ) – бұл ротормен қысқа тұйықталған
үш фазалы токты асинхронды электрқозғалтқыш. Оның ұңғы ішіне түсіруге
мүмкіндік беретін тік бағытта (вертикалды) жасалған арнайы конструкциясы
бар. Тұлға диаметрі 103-130 мм болғанда БЭҚ-тың ұзындығы 8 м және одан
да жоғарыға жетеді. Бұл қуаттылығын арту мүмкіндігі оның ұзындығына бай-
ланысты болатындығымен түсіндіріледі. Сондықтан ротор мен статордың
құрылысы секциялы болып келеді. Қозғалтқыш білігі статор секцияларының
аралығында бекітілген радиалды подшипниктерге орталықтандырылады. Мұнай
өндіруде қолданылатын кейбір БЭҚ параметрлері 13.2-кестеде келтірілген.
Электрқозғалтқыш шифры (мысалы, БЭҚ 65-117АВ5) мынаны білдіреді:
65-қуаттылығы, кВг; 117-тұлғасының диаметрі, мм; АВ5) қозғалтқыштың се-
риясы.

     Протектор – май толтырылған электроқозғалтқыш қуысын қабат суы мен
мұнайдың енуінен сақтауға мүмкіндік беретін құрылғы. Қозғалтқыш қуысы
трансформатор майымен толтырылған қаппен біріккен. Бұл ұңғыға баты-
ру кезінде арнайы кері клапан арқылы ұңғыдағы сұйықтың кысым әсеріне
ұшырайды. Нәтижесінде, май біліктің саңылау бойымен БЭҚ-қа енеді. Бұл
жағдайда қозғалтқыш қуысындағы қысым май толық жұмсалғанға дейін сыртқы
қысымға (ұңғыманың сақиналы кеңістігіндегі) тең болып келеді. ГД түріндегі

         346

МАЗМ¦НЫ
   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351