Page 369 - indexf
P. 369

тың барлық үш тізбегінің біліктері бір-бірімен шлицті муфтамен қосылады. Бро-
нирленген сым сорапты құбырларға металл белдікпен қатырылады. Қозғалтқыш
380 В автотрансфоматор арқылы іске қосылады. Жалпы жұмыс, қорғаныс және
электроқұбырларды түсіруді басқару автоматтандырылған және басқару стан-
цияларымен іске асырылады.

13.21-cурет. Батырмалы электросорап қондырғысы

     Батырмалы электросораптың жетегі ретінде арнайы асинхронды айнымалы
токтың үш фазалы қозғалтқышы қолданылады. 146 мм және 168 мм ұңғымаға
түсіру үшін қозғалтқыш диаметрі 123-103 мм, ұзындығы қуатына байланысты
0,5-тен 10 м дейін өзгереді.

     Негізінен протектор қозғалтқышты оған ұңғыдан сұйықтың өтпеуінен
қорғайды және өзгеріс температурасына байланысты қозғалтқыштағы май
көлемінің өзгерісін байқау үшін, сонымен қоса тіреуіш подшипниктерді арнайы
маймен қамтамасыз ету үшін арналған.

     Ортадан тепкіш батырмалы көп сатылы сорапта жұмыс дөңгелектері, ысыр-
малы ұшты білікте жиналған. Әр дөңгелек бағыттаушы шойын аппарат жа-
нында подпятниктегідей орналасқан. Олардың араларында, үйкеліс кедергісін
төмендететін текстильді аралық төсемдер салынған. Жұмыс дөңгелектерінің
мынадай конструкциясы сораптың тіреуіш подпятнигіне түсетін жүктемені

         369

МАЗМ¦НЫ
   364   365   366   367   368   369   370   371   372   373   374