Page 364 - indexf
P. 364

ұңғыма дебитінің жалпы сұйық, газ, мұнайдағы ылғалдылықтың пайыздық
көрсеткішін, АТМ дебитөлшегішімен немесе өлшегіш траптарымен қамтамасыз
етілген.

     13.3.4 Теңіздегі мұнай өндірісіндегі штангасыз сорапты
           қондырғыларды қолданудың жағдайы және болашағы

     Штангілі сорапты қондырғылары қолдану аймағын шектеуші бірқатар
жетіспеушіліктері бар. Үлкен тереңдікте сорап алқалары ірі және ауыр жабдықты
қажет етеді және үлкен ауыртпалық нәтижесінде әкелетін штангілердің үзілу
қаупін тудырады.

     Бұл қондырғылардың қолдануы әрқашан алдына қойған сұранысқа сай
келмейді. Сол уақытта игеріліп отырған Сангачалы теңізі-Дуванный көлі-
Булла көлі, Песчаный теңізі кен орындарының ұңғымаларының тереңдіктері
4000-5000 м. Қолда бар штангілі жетектегі қондырғылар бұл кен орындардың
ұңғымаларын игеруге бейімделмеген.

     Келтірілген жағдайларда: плунжерлі лифт және штангасыз сорапты
қозғалтқышты түпке жеткізу қондырғысының болашағы бар.

     Плунжерлі лифтісі және штангасыз сораптары қызмет етуі жеңіл,
жөндеуаралық кезеңі салыстырмалы түрде ұзақ, толық автоматтандырылған,
көлбеу ұңғымаларда жұмысы салыстырмалы түрде тиімді – бұлардың барлығы
теңізде мұнайды өндіру жағдайларында өте қажетті болып келеді.

     13.3.4.1 Плунжерлі лифт

     Плунжерлі лифтті теңіз кен орындарының ұңғымалары фонтанды әдіспен
игерілуі тоқтаған кезде қолданған тиімді, ал оларды газлифтілі игеруге көшіру
үшін қажетті компрессорлы станциялар салынбаған. Плунжерлі лифтте
сығылған газдың болуы кезінде, үйкелісті жақсарту үшін және газ шығынының
үлестік төмендеуі үшін қолданылады. Плунжерлі лифттің жұмыс ітсеу тәртібі
мынадай (13.19-сурет).

     Көтергіш құбырларға (1) плунжер енгізіледі (2), оның басында (3) клапа-
ны кигізілген. Өзінің салмағы әсерінен, өзінен газ-сұйық қоспасын өткізіп,
плунжер ашық клапанмен түседі. Плунжер, көтергіш құбырлардың башмагы-
на жеткенде, сонда қондырылған амортизаторға (4) соғылады, сол кезде плун-
жер клапаны жабылады. Содан соң плунжерға қабат қысымы немесе айдалған
газ қысымы әсер етеді және бұл қысым сұйықтың гидрастатикалық бағанының
қысымынан асқанда, плунжер көтеріле бастайды. Ұңғыма сағасына жеткен кез-
де, мұнай перфорациялық патрубок (8) арқылы және ашық ысырғыш (6) арқылы
лақтырғыш құбырына кейін өлшегіш сепараторға келеді.(5), (7) сығырлары
жабық. Инерция күші әсерінен плунжер өзінің қозғалысын перфорациялық
құбырының (8) жоғарысына қарай жалғастырады.

         364

МАЗМ¦НЫ
   359   360   361   362   363   364   365   366   367   368   369