Page 374 - indexf
P. 374

раптары минутына 62 екілік жүріс кезінде жұмыс істейді; олардың максималды
арыны 1000 м; сорапты цилиндрдің диаметрі 32 мм. ГИН сораптары минутына
42 екілік жүрісі бар; сорапты цилиндрдің диаметрі 32 мм болғанда олар 26 м3/
тәу. береді. Ал арыны 1700 м-ді құрайды, цилиндр диаметрі 28 мм болғанда – 20
м3/тәу-ке дейін жетеді; арыны 2000 м-ге жетеді. Барлық сораптарда поршень
жүрісінің ұзындығы 560 мм; күшті цилиндрдің диаметрі 43 мм.

     Күшті агрегаттар ретінде НС – 1/150 үш плунжерлі көлденең сораптар
қолданылады, олардың берілісі 60 дм3/с және минутына 400 екілік жүрісі кезінде
максималды қысымы 15 Мпа дейін жетеді; сораптардың қуаты 25 кВт.

     “Орджоникидзе” МГӨБ-дағы гидропоршеньді сораптардың қолдануы
олардың сенімділігін байқатты.

     13.3.5 Ұңғыларды шоғырландыру жүйесі және теңіз
           платформаларындағы жабдықтарды орналастыру

     Платформа ауданын және эстакадалық аудандардың тиімді қолдануы
үшін ұңғымаларды шоғырландыру жүзеге асырылады, ол бір жағынан
гидротехникалық ғимараттардың санын азайтып, олардың құрылысына кететін
шығындарды азайтады. Ал бір жағынан бұрғылауға кететін шығындар көбейеді,
өйткені ұңғыма түптері вертикальдан ауытқу қажеттілігі пайда болады, ұңғыма
тереңдейді, оны қатайтуға шығындар кетеді және т.б. Сондықтан кен орын-
дарда шоғырлардың (платформалар) саны оптималды болуы керек, бұл кезде
ұңғымалардың негізін құрастыру және бұрғылауға кететін шығындар мини-
малды болу керек. Ұңғының негізінің бағасы құрылыс нүктесіндегі теңіздің
тереңдігіне байланысты шоғырдағы ұңғымалар санына және біруақытта жұмыс
істеп тұрған станоктар санына байланысты болады. Бұған монтажды-демон-
тажды жұмыстарды және бір негіздің шегіндегі жаңа нүктеге мұнараны алып
келу жұмыстарының бағасын қосу қажет. Өндіру торының берілген бетінің
кез келген нүктесіндегі келешекте салынуы мүмкін негіздегі көлбеу ұңғыманы
бұрғылаудың бағасын білу қажет.

     Бұндай проблемаларды шешу бөлек-бөлек тапсырмаға бөлу әдісімен жүзеге
асырылады: сағаның және түптің координаттарының көлбеу ұңғыларының
бағасының тәуелділігін анықтау және ұңғыларды шоғырландырудың оптимал-
ды сұлбасын табу. Соңғысын шешу үшін саға иен түптің координаттарының
көлбеу ұңғымаларының бағасының тәуелділігін беру керек, ұңғы торының, теңіз
тереңдігінің картасын, тереңдігіне байланысты негіздің бағасы, жұмыс істеп
тұрған бұрғылау станоктарының және негіздегі ұңғылардың саны, монтаж-
ды-демонтажды жұмыстардың бағасы және мұнараларды тасудың бағасының
тәуелділіктерін білу қажет.

     Алдында аталғандай ұңғылардың негізін және проводкасының құрылысына
кететін шығындардың оптималды критерий ретінде барлық шығындарда
есептейміз. Сонымен қатар вертикальдан максималды ауытқу негізінде макси-
малды рұқсат етілген ұңғыма санына шектеу қоюы мүмкін.

         374

МАЗМ¦НЫ
   369   370   371   372   373   374   375   376   377   378   379