Page 373 - indexf
P. 373

қысқа паздар-каналдар бар, ол арқылы жұмыс сұйығы золотник цилиндріне
түседі және қозғалтқыш цилиндрін құбырмен (1) және (2) жалғастыру үшін фа-
сонды втулканы ығыстырады.

     Екіжақты әрекеттің арқасында сораптың берілісі, басқа да шарттарды
ескергендегі (диаметр, жүріс, габарит) қарапайым бір әрекетті плунжерлі со-
раптан 2 есе көп болады.

     Бір әрекетті ГПП бар, басқаша айтқанда дифференциалды тип, оларда қабат
сұйығын сораппен беруі тек жоғары жүрісі кезінде ғана жүзеге асырылады.
(13.25 б, в-сурет). Жұмыс сұйығы канал (3) арқылы қозғалтқыш поршеньнің
астыңғы кеңістігіне беріледі және әрі қарай поршеньдегі арнайы канал (2)
арқылы басқарушы клапанды (5) жауып тұрып поршеньнің (6) үстіңгі жағына
түседі. (13.25 б-сурет)

     Поршеньнің (6) үстіңгі ауданы астыңғысынан шток ауданы көлемінде
үлкен болғандықтан, үстінен әсер ететін күш астыңғысынан күштірек болады,
сондықтан қозғалтқыштың поршені (6) төмен жылжиды. Онымен бірге сорапты
цилиндрдегі плунжер (8) де төмен жылжиды. Плунжердегі айдау клапаны (1)
ашылады. Қозғалтқыштың поршенінің төменгі шегі кезінде басқарушы клапан
(5) жабылып, каналда (7) жабылады. (13.25 в-сурет)

     Қозғалтқыштың үстіңгі жағы канал арқылы және шток денесіндегі ішкі
тесік арқылы плунжерлі сораптың үстіңгі кеңістігі және айналу каналдары
арқылы сорапты құбырлармен (4) жалғасады. Поршень жоғары жүріс жаса-
майынша, қозғалтқыш поршенінің астындағы қысымы көбейе береді. Жоғары
дүріс кезінде сору клапаны (9) ашылып, сорап цилиндрі қабат сұйығымен тола
бастайды. Жоғарғы шеткі кезінде механикалық әрекеттегі басқару клапаны
қайтадан каналды (2) ашады және жабады. Төмен жүріс жүзеге асырылады.

     Гидропоршеньді сорапты ұңғымаға саға басы арқылы түсіріп, жұмыс
сұйығын сығып ерге орныққаннан кейін жұмыс қысымын күшті сораппен
көтереді және гидропоршеньді сорап жұмыс істей бастайды, ол алынып жатқан
сұйықты сақиналы кеңістік арқылы 103 және 63 мм құбырлар арасында береді.

     Сорапты 1200 метрлі тереңдікке түсіру 40 мин ішінде жүзеге асады.
     Гидропоршеньді сорапты ұңғыдан жұмыс сұйығының энергиясының
арқасында көтереді. Бұл үшін жұмыс сұйығы күшті сораптан сақиналы
кеңістікке саға басындағы үш жүрісті кранды қоса отырып жіберіледі. Бұған
қоса сорап ерден (седло) итеріледі және жұмыс сұйығының көтерілу арыны-
мен 63 мм-лі құбырлар арқылы жоғары көтеріледі. 1200 м тереңдіктен көтерілу
уақыты 1,5 сағатты құрайды. Гидропоршеньді сораптың ПӘК-і 0,65-0,7-ге дейін
жетеді.
     ПӘК жеткілікті болған жағдайда (0,6-ға дейін) гидропоршеньді со-
рап сұйықты өте терең (4000 м-ге дейін) тереңдіктерден алуды қамтамасыз
етеді. Өнеркәсіптерде ГН және ГИН сораптарын қолданады (тозуға қарсы
қолдануында). Біріншісі, ұңғымадағы жұмыс кезінде сұйықты құмсыз беру
үшін арналған; екіншісі – құмы бар сұйықты сорып алу үшін арналған. ГН со-

         373

МАЗМ¦НЫ
   368   369   370   371   372   373   374   375   376   377   378