Page 365 - indexf
P. 365

Плунжер астындағы қысым газдың лақтырғыш құбырына шығуына сәйкес
азаяды және клапан (3) ашылып, плунжердің өзінің салмағының әсерінен
төмен құлауына әкеледі. Цикл қайталанады. Плунжердің бұл типі келесідей
жағдайларға байланысты, айта келсек, әсіресе, аз шығымды ұңғымаларды
тиімсіз болып келеді. Плунжердің ашық клапан күйінде құлауы кезінде, газдың
құбырлар арқылы үздіксіз ағуы болады. Төменгі амортизаторға соғылған соң,
плунжер бір цикл бойы жиналған сұйықты алып, жоғары көтеріледі. Жиналған
сұйықтың бағанының аз биіктігінде көбейіп отырған газдың кішкене бөлігі пай-
далы әрекет жасайды. Плунжер мен құбыр қабырғасының арасында кеңістіктің
үлкен болуы салдарынан, сұйықтың, құбырдың қабырға бойымен ағуы пайда
болады. Ұңғымалардың игеру режимін қалпына келтіруден басқа, көтергіш
құбырларды сұрыптау және шаблондау қажет. Плунжерлі лифтінің тиімділігі,
цикл контролерін қолдану кезінде артады.

13.19-сурет. Плунжерлі лифт

     Краснодар НИПИ-де гидропакерлі автоматты поршеньді жабдық
шығарылған (13.20-сурет). Бұл жабдық: сағалық үстіңгі амортизатордан (1),
қондыру жұмысын басқарушы аппараттан, төменгі амортизаторы (5) бар
көтергіш құбырлар тізбегінен (3), плунжерден (4) тұрады. Бұл модификацияда
плунжер-саңылау, яғни өткізгіш клапаны жоқ болып келеді.

     Поршень мен көтергіш құбырлардың аралығы 2-4 мм. Гидропакерлі
қондырғының жұмыс істеу принципі төмендегідей. Клапан (2) жабық кезінде,
поршень (4) төменгі амортизаторда (5) болғанда, ұңғымада сұйық пен газ жи-
налады. Негізінен, газ құбыраралық кеңістікте жиналады, бұның нәтижесінде
құбыраралық қысым жоғарылайды. Ал сұйық болса, негізінен көтергіш

         365

МАЗМ¦НЫ
   360   361   362   363   364   365   366   367   368   369   370