Page 372 - indexf
P. 372

арқылы поршень жоғары қарай жылжиды. Қозғалтқыштың штогына жалғанған
золотник жоғары жүрісінің соңында қайтадан 90°-қа, бірақ кері бағытта
бұрылады. Ал оның каналдары қайтадан бастапқы қалпына түседі. Бұл жағдай
жұмыс сұйығының қозғалтқыштың жоғары жағына түсуін және төмен түсуін
және төмен жылжуын қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың поршеньнің ауысуы
жылдамдығы және оның жүріс саны, әрине, жұмыс сұйығын айдау жылдам-
дығына байланысты болады. Айдау жылдамдығы аз болғанда қозғалтқыш
поршенінің жүріс саны аз болады және керісінше. Алайда, жүріс саны шексіз
көбейе алмайды. Каналдағы агрегат тобының, золотниктің және сұйықтың
поршеньдік инерциясы жүріс санын шектейді, олар әдетте 100-ден аспайды.
Қозғалтқыштың штогына ұңғымалық сораптың Н поршені (плунжер) (7) қатты
жалғанған, ол да қайтып келу қозғалысын жасайды. Сораптың цилиндрінің екі
жағынан да бір-бірден айдау (6) және сору (4) клапандары бар. Поршеньнің
төмен жылжуы кезінде, сораптың төмен түсу тереңдігіне қысымның ықпалымен
қабат сұйығы сораптың цилиндрінің жоғарғы жағына құйылады, ол айналып өту
клапанынан (5) және жоғарғы сору клапандары (4) арқылы өтеді. Қабат сұйығы
поршеньнің (7) төмен жүрісі кезінде цилиндрдің төменгі жағынан, төменгі ай-
дау клапаны (6) арқылы лақтырынды құбырға (1) (сақиналы кеңістік) қысылып
шығарылады, ол сол жерде қолданылған жұмыс сұйығымен араласады.

13.23 а-сурет. Гидропоршеньді сораптың ұңғымашілік жабдығы

     Поршеньнің (7) жоғары жүрісі кезінде поршеньнің астында төменгі сору
клапаны (4) арқылы қабат сұйығын сору жүзеге асырылады, ал поршеньнің
үстіңгі жағында қабат сұйығын өткізу лақтырынды құбырға, (1) яғни сақиналы
кеңістікке жоғарғы айдау клапаны арқылы (6) жүзеге асырылады.

     Конструктивті жағынан золотник қозғалтқыш штогының үстіндегі, фасон-
ды втулка түрінде жасалған, ол өзінің цилиндрінде апарып әкету каналдары-
мен жылжып отырады. Қозғалтқыш штогының жоғарғы және төменгі бөлігінде

         372

МАЗМ¦НЫ
   367   368   369   370   371   372   373   374   375   376   377