Page 370 - indexf
P. 370

төмендетеді. Ортадан тепкіш батырмалы көп сатылы сораптарды, осьтік және
радиалды бағыттауыш аппараттармен дайындайды. Біліктің жоғарғы шеті ысыр-
малы көтергіште айналып, қоладан немесе текстильді шайбадан жасалған ар-
найы табанмен аяқталады. Төменгі шеті протектордағы қою маймен жағылатын,
радиалды подшипниктерден тұратын, подшипникті баудан жасалған.

     Сораптың жоғарғы бөлігі өткізгішпен – сорпаты компрессорлы құбырмен
жалғасатын ұстамалы телпекпен аяқталады. Электроқозғалтқыш қоры мұнайға
төзімді бронирленген үш желілі, диаметрі 25, 35 және 50 мм сымнан болады. Әр
желі диэлектрлі резинкамен және матамен жабылған, ал барлық желілер майға
төзімді болат мырыштанған сызықты броны толтырылған резіңке шлангіге
оралған. Сорап және қозғалтқыш аймағында дөңгелек сым тегіс болып келеді.

     Сымдағы кернеудің төмендеуі компенсациялау үшін қозғалтқыштың но-
минал кернеуінен асатын сымдағы құлау кернеуінің мөлшеріне ауысатын авто-
трансформатор қолданылады.

     Басқару стнациясы злектроқозғалтқышты қысқа тұйықталудан және тым
жүктемеден қорғайды, қондырғыны электроқамтамасыз бұзылғанда сөндіреді,
электротогы берілген соң электросорапты автоматты түрде іске қосады.

     Терең ұңғымаларда ортадан тепкіш батырмалы қондырғылардың
қолдану жағдайына байланысты Н. Нариманов атындағы МГӨБ-да тізбектей
қосылған сораптардың кәсіптік зерттеулер жүргізіледі. Соның нәтижесінде,
бір электроқозғалтқышы бар ПЭД 28-103 тізбектей қосылған УЭЦН-5-80-120,
қалыпты қысым 18-20 МПа сұйықтың тұрақты келуін қамтамасыз етеді.

     Зерттеу нәтижесінде, сораптың сатылар санын және электроқозғалтқыш
қуатын қадағалап отыру кезінде, қондырғыны терең теңіз ұңғымаларына
қолдану тиімді болатыны көрінеді.

     13.3.4.3 Теңіз ұңғымаларында гидропоршеньді әдісті пайдалану

     Әзірбайжан кен орындарында гидропоршеньді қондырғыларды көп жыл
бойы қолдану, мынаны: бұлар терең және көлбеу бағытталған ұңғыларда
қолдануға болатынын көрсетті.

     Гидропоршеньді сораптардың жетістіктері сонымен қатар, жұмыс
сұйығымен араласып, қабаттағы мұнайды көтеруді жеңілдететін, жоғары
тұтқырлы шайырлы-парафинді мұнайды өндіргенде көрінеді. Тағы да бір негізгі
жетістіктерінің бірі болып, айыр сорапты штангілер тізбегінің жоқ болуы болып
табылады. Бұны қолданғанда көлбеу ұңғымаларда муфталардың тозуы салда-
рынан болатын жиі апаттар болады.

     Қолдану кезінде гидропоршеньді сорапты қондырғысы тиімді және жеңіл,
толық автоматтандырылуы мүмкін, бұл теңіз жағдайында өте ыңғайлы.

     Қондырғы ұңғыма ішіндегі және сырттай жабдықтан тұрады (13.22-сурет).
     Сырттай жабдық: электр жетегі бар күштік сораптан (4), күштік сұйықтан
(1) – мұнайды тазартатын және жинайтын резервуардан, қабылдағыш (3) және

         370

МАЗМ¦НЫ
   365   366   367   368   369   370   371   372   373   374   375