Page 375 - indexf
P. 375

Осы тапсырманы шешу үшін “Гипроморнефтегаз” НИИ-де ЭВМ М-200
үшін алгоритмдер мен бағдарламалар дайындалған. Тапсырмалар шешімі бо-
лып негізінің түрінің анықталуы (аудан), олардың құрылыстарының саны мен
орны, түптерді көрсету арқылы әр негіздегі ұңғы саны табылады. Атап өтер
жайт, соңғы шешімді іздеу барысындағы алгоритмнің құрастырылуы сон-
дай, шоғырландыру жүйесінің аралық нәтижелерін алуға болады (құндық
бағасымен), ол кен орындағы өте аз негіз санымен, тіпті ең аз варианты мүмкін
болған негіз санын жүзеге асырылады.

     Қазіргі уақытта Нефтяные Камни және Дарвин кен орындарының ауданын-
да орналасқан пайдалану ұңғымалардың максималды саны 24-ке жетеді.

     Шоғырлы бұрғылау кезінде тұрақты платформа немесе эстакадалық
аудандардың ұңғыма сағаларының орналасуының схемасын қарастырайық.

     Нефтяные Камни, Дарвин кен орындарындағы стандартты эстакадалық
аудандардың көлемі 30х30 м2, ал кейбір стационарлы платформалар 40х50 м2
жетеді. Соңғысы қосымша блоктардың құрылысымен және арасындағы аралық
секциялардың құрылысымен кеңейтіле алады. Бір шоғырлы ауданда 2-ден 24-
ке дейін сағалар орналасуы мүмкін, олардың түптерінің ауытқуы біртекті және
өңдеу жобасындағы ұңғы торына сәйкес әржақты болады.

     Шоғырлы орналасудың кемшілігіне сағаның үстіне стандарт-
ты тербелмелі станоктың орналасуының ыңғайсыздығын және олардың
жақын орналасқандығынан ұңғымалардағы жөндеу жұмыстарын жүргізудің
қиындығын жатқызуға болады.

     Бірқатарлы орналасуда ұңғыма сағалары 8-10 м қашықтықта бір қатарда ор-
наласады. Алайда, техникалық-экономикалық себептерге байланысты ТМГҚ-
дағы металдарды, материалдарды-техникалық құралдарды үнемдеу үшін ұңғыма
сағаларының арасындағы арақашықтықты 1,3-1,5 м-ге дейін қысқартады, соны-
мен қатар қауіпсіздік техника ережелерін сақтау қажет.

     Бұрғылау кезінде ұңғыма сағаларының орналасуы келесідей тәсілдері бар:
стволды орынбасулы; екі стволды параллельді; екі стволды орынбасулы; төрт
стволды параллельді; көп стволды орынбасулы арнайы мұнараны қолдану
арқылы.

     Бір стволды орынбасулы әдістің мәні мынада: мұнараны бір мұнаралық
негізден келесіге тасу арқылы, әр мұнаралық негізі бір ұңғымадан бұрғыланады.
Бұл тәсіл ұңғыларды шоғырландырудың бастапқы даму кезінде қолданыс
тапқан. Сонымен қатар ұңғы сағаларының орналасуы 1 және 2 қатарлы болуы
мүмкін.

     Екі стволды және көпстволды орынбасулы әдіспен ұңғылардың орналасуы
о. Артем, б. Дарвин, Гюргяны море, Нефтяные Камни және т.б. кен орындарда
кең қолданыс тапқан.

     Екі стволы схема бойынша (13.24-сурет) біріншіден 0,6-0,75 м қашықтықта
лебедка жағына қарай мұнараның төменгі негізінің ортасының геометриялық
осьтен ауытқуы негізінде ұңғыманы бұрғылайды. Сонымен қатар биіктігі

         375

МАЗМ¦НЫ
   370   371   372   373   374   375   376   377   378   379   380