Page 380 - indexf
P. 380

14-тарау

                                   Жасанды Аралдар

     Тәжірибе көрсеткендей, барлау бұрғылау кезінде бұрғылау жабдықтарын,
материалдарын және қызмет көрсетуші персоналын орналастыру үшін 8000-
10000 м2 немесе одан да кішірек алаң жеткілікті. Бұл аралдың диаметрін
тыныштық горизонтының деңгейінде (шамамен, 100 м) анықтайды. Жұмыс
алаңы құрылымының теңіз деңгейінен жоғары орналасуы есептік деңгейден ар-
найы есеппен анықталады.

14.1-сурет. Жасанды арал сұлбасы

     Пайдалану аралының диаметрі айтарлықтай жоғары болады, кейбір жоба-
лау жұмыстарына сәйкес 500-600 м тең болуы мүмкін, сонда аралдың жұмыс
алаңының белгісі де үлкейеді.

     Аралдың конфигурациясын табиғи шарттарға сүйеніп, құрылыс орнында
тағайындайды, терең және ашық аймақтарда, олар, әдетте, дөңгелек пішінді,
толқынның бағытын жоғарырақ болжаммен анықтауға болатын аймақтарда
сопақ пішінді болады.

     Құрылым типіне байланысты, жасанды аралдарды келесі түрде жіктеуге бо-
лады:

     1)	 Еңістері бекітілмеген аралдар;
     2)	 Еңістері бекітілген аралдар;
     3)	 Периметрі тігінен бекітілген аралдар;
     4)	 Аралас типті аралдар.
     Бірінші типті аралдар тек тереңдігі аз, шамамен 1-3 м-ге тең, негізінен
барлау-бұрғылауда қолданылады. Мұндай аралды жобалау кезінде, белгіленген

         380

МАЗМ¦НЫ
   375   376   377   378   379   380   381   382   383   384   385