Page 381 - indexf
P. 381

уақыт мерзімінде, қажетті жұмыс алаңын сақтап қалу мәселесін шешу керек.
Бұл үшін еңістің өңдеу болжамын беру қажет. Осы үдеріске табиғаты жағынан
көптеген және әртүрлі факторлар әсер ететіндіктен, бұл мәселе өте күрделі бо-
лып есептеледі және қазіргі уақытта мұндай болжамды жеткілікті түрде дәл
шешетін, нормативтік құжаттар жоқ.

     Арал еңісінің шайылу зонасын анықтаған кезде, бұл зонаны жыл ішіндегі
ең қатты дауыл мезгілінде және ең қауіпті тербеліс айлығының циклінде бағалау
қажет. Еңіс шайылуын болжау кезінде мүмкін болатын қателіктер, құрылғыны
пайдалану үдерісінде, шайылу зонасына қосымша топырақты себу арқылы
түзетуге болады. Аралдардың бекітілмеген еңістері немесе бөгеттерінде ша-
мамен 1:20 табиғи көлбеулік бар, сондықтан аз тереңдіктерде де топырақтың
үлкен көлемін қажет етеді. Ауа райы есебінен, топырақтың көп бөлшегі шайы-
лу кезінде жойылатындықтан, аралдарды құрастыру үшін топырақтың қажетті
мөлшері одан да көбейеді (14.2-сурет).

     Тереңдігі 5-6 м артқан сайын, ал кейбір жағдайда одан аз тереңдіктерде,
екінші және үшінші типті аралдарды қолдану ұтымды болады. Бұл кезде арал
еңістерін бекіту типі мен оның есебі маңызды мәселеге айналады.

14.2-сурет. Жасанды арал көлемiнiң тәуелдiлiгiнiң графигi

     Бұл жағдайда еңіс көлбеулігі тіктеу, әдетте 1:3-тен 1:5-ке тең болады.
Көбінесе, еңістің жерасты бөлігі жатық болғанда, ол полигональ пішінді, ал
жерүсті бөлігі 1:3 көлбеулікке тең. Бекіткіш ретінде көп жағдайда таспен тол-
тыру немесе арнайы фильтрацияға қарсы дайындыққа жатқызылған, бетонмен
толтыру қолданады. Мұндай типті бекіткіштерді есептеу әдістемесі теңіз және

         381

МАЗМ¦НЫ
   376   377   378   379   380   381   382   383   384   385   386