Page 382 - indexf
P. 382

өзен гидротехникалық құрылғыларды жобалау кезіндегі әдістемеге ұқсас болып
келеді.

     Каспий теңізіндегі кен орындарды меңгеру тәжірибесінде, ең үнемді,
шайылу тәсілімен тұрғызылған, бөгеттер мен аралдардың еңістерін бекіту
үшін сумен шайылған бастапқы кескінге, тас призмасының есептелген көлемі
жатқызылды. Бастапқы кескінді жасау кезіндегі қосымша топырақтың көлемі
топырақтың ұсақ фракцияларының шайылу себебімен, есептелген көлемнен
1,5 есе көп алынды. Осы аймақтағы көпжылдық құрылғыларды пайдалану
тәжірибесі көрсеткендей, белгілі шарттарда еңістерді қорғаудың бұл шешімін
тиімді (рационалды) деп есептеуге болады.

     АҚШ-тың арктикалық аймақтарында жасанды аралдарды құрастыруда,
құммен толтырылған, синтетикалық материалдардан жасалған қапшықтарды
пайдалану арқылы еңістерді бекіту кең қолданыс тапты. Массасы 3 т кем
қапшықтар, еңіске бекітілген, арнайы иілгіш сүзгіш матаға орналастырылады,
кейбір жағдайдарда құм қапшықтарымен толтырылған габиондарды қолданады.

     14.3-суретте, 4,5 м тереңдікте Бофорт теңізінде тұрғызылған, аралдың
еңісін бекіту конструкциясы көрсетілген, жұмыс алаңы деңгейіндегі арал
диаметрі 97,5 м тең болды.

14.3-сурет. Арал шалғысы бекiткiштi конструкциясы

     Мұндай типті еңістердің сенімді қорғанысын жобалау үшін қапшықтар мен
сүзгіш төсеніштің ұзақ мерзімділігі, сонымен қатар жергілікті шайылуға кедергі
болатын, қапшықтарды дұрыс орналастыру сұлбасы негізгі мәселеге айналады.

     Прудхо шығанағында 3,4 пен 2,1 м тереңдікте, сәйкесінше СД 7 мен СД
8 аралдарын құрастыру кезінде қапшықтар мен сүзгіш төсеніштің материалы
ретінде полипропиленді мата қолданылды. Сүзгіш төсеніш барлық еңіс бо-
йында жұмыс алаңынан 1:3 көлбеулікпен жатқызылды. Еңістердің қорғанысы,

         382

МАЗМ¦НЫ
   377   378   379   380   381   382   383   384   385   386   387