Page 383 - indexf
P. 383

көлемі 1,5 м3 құм толтырылған қапшықтардың бір қабатынан жасалды. Судың
орта деңгейінде, еңістердің негізінде, қосымша қапшықтар төселді.

     Зақымданудың таралуын шектеу мақсатында, арал периметрі еңіс бөлімінің
шегінде, Лонгард құбырлары көмегімен жеке секцияларға бөлінді.

     Бұл құбырлар диаметрі 0,9 м, цилиндр пішінді, гравиймен толтырылған, по-
лиэтиленнен жасалған қапшықтар; бұлар жеке қапшықтарға қарағанда, массасы
артық, қапшықтар төсенішін тұрақтандырып, жеке секция аймағында бекітудің
зақымдануын шектеу, төгілген материалдың еңіс жағалай таралуына кедергі
келтіруге тиіс болатын. Периметр 30° арқылы бөлінді, оның бекіту сұлбасы
14.4-суретте көрсетілген. Лонгард құбырларына көлденең жатқан қапшықтар,
қапшықтардан жоғары жатқан құбырлардың зақымдануы кезінде, материалдың
ысырабына кедергі келтіреді.

14.4-сурет. (Беттiң негiзгi қорғайтын жiгi шартты көрсетiлмеген) секциядағы
                                 баурайының бөлiнуi, жоспар:

 1 – баурайдың негiзiнiң қорғауы; 2 – қосымша қаптар; 3 – көлденең қаптар; 4
 – Лонгартаның қосарланған тұрбалары; 5 – орташа деңгей; 6 – есептi деңгей

     Аралдың периметрін вертикаль типті бекіткішпен жасау мақсатында, порт
құрылысында қолданыс тапқан (мұндай аралдардың конструкциясы 14.5-су-
ретте келтірілген), темірбетонды немесе металл массив-гиганттар пайдалану
мүмкін, металл тығын, тағы басқа шешімдер.

     Соңғы жылдары тереңдігі 20 м асатын, аралас типті жасанды аралдардың
құрылыс жобалары игерілді, сонда экономикалық талдау көрсеткендей, бұл
құрылымдардың 50 м дейін тереңдікте қолдану мүмкіндігі бар.

     Аралас типті жасанды аралдардың конструкциясы құрылымды тұрғызуға
қажетті топырақ көлемін айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді, сонда аралдың
толқын мен мұздан тиімді қорғанысы да қамтамасыз етіледі.

         383

МАЗМ¦НЫ
   378   379   380   381   382   383   384   385   386   387   388