Page 385 - indexf
P. 385

себепті арал бермасының шайылудан қорғанысы жеңілдейді. Аралдың жоғары
бөлігінің конструкциясы әрқалай болу мүмкін.

     Аралас типті аралдың жоғары бөлігіндегі конструкциясына қарамастан,
жоғары бөлігі су деңгейіне, шамамен 10 м жетпейтіндей, оның негізі ретінде
суасты арал болып табылады.

     Жасанды аралдары жобалау кезінде көптеген мәселелер қатарын шешу
қажет. Біріншіден, технологиялық тағайындалуына сәйкес, аралдың жұмыс
алаңының көлемі анықталады. Аймақтың жел, толқын, мұз режимдерін зерт-
теу нәтижесінде, аралдың пішіні мен оның жобалық көлемдері анықталады.
Содан кейін аралдың конструкция типі жөніндегі шешімдері қабылданады.
Жобалаудың бұл сатысында аралдың денесін толтыратын топырақтың сипа-
ты мен мөлшері, құрылыс орнындағы теңіздің тереңдігі, аралдың жиектен
қашықтығы, толқындық жағдайлар, ағыс, аралдың тағайындалуы, мүмкін бола-
тын құрылыс тәсілдері мен жергілікті жағдайларды сипаттайтын басқа да фак-
торлар қарастырылады.

     Аралдың рационалды типін таңдау ең күрделі және жауапты мәселе, мүмкін
болатын жан-жақты экономикалық талдаудың негізінде жасалынып, теңіз кен
орнын меңгеру тәсілін игерген кезде маңызды болып табылады.

     Жасанды аралдың жоғары белгісін тағайындаған кезде деңгейдің тербелісі,
толқын мен мұз жағдайлары нұсқаулыққа алынады.

     Мұз құбылысы болмаған жағдайда, жұмыс алаңының есептік су деңгейінен
биіктігі мына формуламен анықталады:

						              hГ = Δh+hН +а	                    (14.1)

мұндағы: 	Δh – жел немесе басқа да факторлармен шартталған, су деңгейінің

көтерілу биіктігі;

     		  hН – есептік толқындардың еңісті төсеу биіктігі;
     		  а – 0,1h1% тең деп алынатын, бірақ 0,5 м кем емес, құрылым биіктігінің
қоры.

Δһ шамасы бақылаулар мәліметтерімен немесе СНиП 2.06.04-82*

нұсқаулықтарына сәйкес, аналитикалық жолмен анықталады. Сонда толқынның

төсеу биіктігін анықтау тәсілдері еңістің жоғары және төмен шекарала-

рын бекіту, бекіту есебінде қажетті, еңіске түсетін толқын қысымын анықтау

әдістемесі келтірілген. Еңісті бекіту жобасында, жиек қорғау құрылымдарын

есептеу кезінде пайдаланылатын әдістемені қолданады.

Мұз құбылыстары болған кезде, аралдың жоғары белгісі келесі жағдайларды

есепке алып тағайындалу керек:

-	 Мұздың қозғалысы кезінде, мұз аралдың жұмыс алаңына жетпеу қажет;

-	 Құрылыс аумағында мүмкін болатын, аралдың массасы мұз жүктемесін

         қабылдау үшін жеткілікті болу қажет.

                                385

         МАЗМ¦НЫ
   380   381   382   383   384   385   386   387   388   389   390