Page 386 - indexf
P. 386

Мұздың жиі қозғалысы байқалатын үлкен тереңдікті аймақтарда аралдың
қозғалмалы мұз алаңдарынан қорғанысы маңызды мәселеге айналады.

     Пайдалану аралдарын жобалау кезінде қорғаныс жолағын жасаудан басқа,
аралдың периметрі бойымен, тығындық қабырға немесе металл қадалар (сваи)
түріндегі, 1-3 м кейін соғылатын немесе басқа да конструкциялар типті (14.7-су-
рет) арнайы қоршауды тұрғызу ұсынылады.

             14.7-сурет. «Моликпак» платформасының толқынды дефлекторы

     Жасанды арал пайдалану кезінде мүмкін болатын барлық жүктемелерге
төзу қажет. Жобалау кезде арал периметрінің бекітілуі – толқын жүктемесімен,
ал аралдың жылжуға қатысты жалпы тұрақтылығы – мұз жүктемесімен
анықталады.

     Кейбір жағдайларда тереңдік жылжудың мүмкіндігін қарастыру жөн. Жа-
санды арал гравитациялық типті құрылым болып табылады және сол себепті
белгілі массаға ие болуы тиіс (14.8-сурет).

     Осы массаны арттыру мақсатында арал диаметрін үлкейтуге (бірақ бұл кез-
де мұз жүктемесі де артады) немесе аралдың жоғары белгісін үлкейтуге болады.

     Аралдарды жобалау тәжірибесі көрсеткендей, топырақ аралының жылжуға
кедергісі су қимасындағы көлеміне шамамен пропорционал болады, ол жұмыс
алаңының белгілеуін тағайындаған кезде назарға алыну қажет.

     Жасанды аралдың жылжуға қатысты жалпы тұрақтылықтың есебі басқа
да гравитациялық құрылымдағыдай жүргізіледі. Мұндай есептеулерді жүргізу
кезіндегі негізгі қиындық, жылжымалы мұз жүктемесін анықтаумен байланыс-
ты болады.

         386

МАЗМ¦НЫ
   381   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391