Page 387 - indexf
P. 387

14.8-сурет. Жасанды аралдардың мұздың әсерінен қирап-бүлінуінің түрлері:
    а – жаз мезгіліндегі мұз алаңының жылжуы кезінде; б – мұздың сеңді

шоғыр қабатының жылжуы басталғанда, қоршауы және I-IX бермасы жоқ
                                      жылжудың беті;

 1 – мұз алаңы; 2 – топырақтың үйілген жерінің призмасы; 3 – алып алап-
    тардан немесе понтондардан жасалған қоршау; 4 – еңісті жерге жа-
      бысып қатқан сеңді мұз шоғыры; 5 – аралдың қатып қалған бөлігі

     Мұздың көптеген жылжулардың нәтижесінде, аралдың жан-жақты
төңірегінде мұз басудың алаңы қалыптасады. Белгілі тереңдіктерде ол теңіз
түбіне отыру мүмкін, сонда арал периметрі бойынша қорғаныс тосқауыл пай-
да болады. Мұндай тосқауылдар АҚШ пен Канаданың көптеген арктикалық
шельфтерінде байқалды.

     Арал төңірегінде мұз басу алаңының пайда болу механизмі 14.9-сурет-
те сұлбасымен көрсетілу мүмкін. Арал еңісінің мұзбен әсерлесудің бірінші
сатысында, қыс мезгілінде жұқа мұздың бұзылуы байқалады, зерттеулер
көрсеткендей, Бофорт теңізі үшін жүктеме 1пог.м үшін 0,05МН тең болды (14.9
а-суретті қара). Мұздардың қарқынды жылжулары салдарынан, мұз басу алаңы
пайда болады, уақыт өте оның көлемі үлкейеді. Арал маңындағы тереңдік 20 м
дейін болған кезде мұз басу алаңы топыраққа басылады және арал маңындағы
мұздың бұзылуы мұз басу алаңымен сәйкес келеді, сонда 0,2-1МН/пог.м шама-
лас жүктемелер пайда болады (14.9 б-суретті қара).

     Уақыт өте келе, жылжымалы мұздың қалыңдығы ұлғаяды, мұздың мұз басу
алаңымен өзара әсерлесу зонасында түрлі пішінді бұзылыстар жүреді, біртіндеп
мұз қалыңдығы үлкейеді, жүктеме де артады (14.9 в-суретті қара).

     Теріс температуралардың әсерінен су деңгейі зонасында мұз басу алаңының
орта бөлігі қатады, сол себепті аралмен бірігетін қуатты қорғаныс тосқауылы
пайда болады. Арал периметрінің бекіту типі мұз жүктемесінің шамасына ешбір
әсерін тигізбейді (14.9 г-суретті қара).

         387

МАЗМ¦НЫ
   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392