Page 388 - indexf
P. 388

14.9-сурет. Мұздың жасанды аралмен өзара әсерінің сызбасы:

а – тегіс жұқа мұздың еңісті жермен өзара әсері, мұз майысудан қирап
бұзылады; б – еңісті жерде сеңді мұз шоғырының алаңы пайда болады,
ол түбіне қарай отырып, мұз сеңді мұз шоғырының алаңының әсерінен

   қирап бұзылады; в – сеңді мұз шоғыры алаңының ортаңғы бөлігінің
  шоғырлануы (мұздап қатуы) орын алады; г – есептік қалыңдықтағы

          мұз сеңді мұз шоғырының алаңымен өзара әсерге түседі

     Табиғи және жасанды аралдардың мұз бұзылу үдерісін қадағалау
мен зертханалық зерттеулер жасанды аралдарға ұқсас, үлкен диаметрлі
тосқауылдарға мұз жүктемелерін анықтауға арналған стохастикалық модельді
жасауға мүмкіндік берді.

     Бұл модельді қолданған кезде, мұз алаңы мен кең тосқауылдың әсерлесу
шекарасында мұз әрқалай бұзылады; бір аймақтарда – иілімнен, басқаларында
– уату мен сығылудан, т.б. Нәтижесінде, жалпы мұз жүктемесі тар тосқауылға
қарағанда айтарлықтай аз екені анықталды. Басқа да, әсіресе Бофорт теңізіндегі
Тарсьют пен Ханс табиғи аралдарына жүргізілген зерттеулер жүктемелерді
анықтауда бұл әдістің дұрыстығын айғақтайды.

     Мұз жүктемелерінің кең цилиндрлік құрылымына әсер етуін анықтау әдісі
алғаш рет ұсынылған.

     Бұл әдістің негізгі ойы мынада. Мұзбен әсерлесетін құрылым шеңберінің
бөлігі бөліктерге бөлінеді, сонда жергілікті жүктеме әртүрлі болуы мүмкін және
ол жапсарлас бөліктерден тәуелсіз.

     Есептелетін бөліктің өлшемдері мұз қозғалысының жылдамдығына байла-
нысты және өрнекке сәйкес:

						   вi= αhi ,	                                                   (14.2)

                     388

МАЗМ¦НЫ
   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392   393