Page 410 - indexf
P. 410

б)	 объектілерге автомашиналарға және тракторларға қондырылған ауыр
          салмақты мұнай жабдықтарын және материалдарды жеткізу;

     в)	 арнаулы әртүрлі құбырлардың қажетті санын жүргізу (су, газ
          ерітінділері);

     г)	 қуат жарық және байланыс желілерін жүргізу;
     д)	 жаяу жүру үшін жолдар.
     Осылайша ашық теңізде құрлықтағыға ұқсас жағдайлар жасалады, бұл
кәсіпорынның барлық объектілерін су және энергиямен жабдықтауды, мұнай мен
газды өндіруді сақтауды, жинауды және тасымалдауды, бұрғылау жұмыстарын
ұйымдастыруды іркілікссіз қамтамасыз етеді.
     Теңіз тереңдігіне және басқа жағдайларға тәуелді эстакадалар темір бе-
тоннан, металдан немесе құрастырылған конструкциялардан құрылады. Са-
лыстырмалы терең емес теңіз акваторияларында жазық тіректер қолданылады.
Жазық тіректер бір немес екі ярусқа орнатылған, ұзындығында құбыр тәрізді
байланысқан, теңіз түбіне көлбеу қағылған екі қададан тұрады. Аралық
құрылымды кеңістік фермалар құбыр тәрізді немесе бұрыштық тегістік немесе
тұтас қабырғалы металл, темір бетоннан пісірілген блок түрінде болады.
     Мұндай эстакадалар құрылысы Б.Б.Рагинский, А.О.Асан-Нури және де
басқа инженерлер ұсынған әдіспен жүргізіледі. Ал келесі әдіс: құрастыру агрега-
ты – аралық құрылымның жоғарғы жағында ілініп тұрған, тұрғызылған бөліктің
бас жағында қондырылған эстакада құрастырушы кран көмегімен аралықтың
бөліктеп құрастырылуы жүзеге асады. Келесі аралықты құру үшін эстакада
құрастырушы кранды жаңадан құрастырылған аралық құрылымына жылжыты-
лады да, барлық цикл қайталанады. Эстакаданың барлық бөлшектері (қадалар,
регелдер, фермалар, темір бетонды тақталар, т.б.) негізгі алаңнан құрастыру
көпіріне автомашиналар, сонымен қатар платформадағы жіңішке қалыпты темір
жол тараптарымен жеткізіледі.
     Бір аралықты тұрғызудағы операция цикліндегі атқарылатын жұмыс,
келесі: кранды алға жылжыту үшін уақытша рельстік жолдар төсеу, қаданы
теңіз түбіне қазу, рама түріндегі қада тіректер құрылысымен оларды жоғарыда
регельмен биіктігіндегі бір немесе екі ярусты байланыс жүйесімен байланысты-
ру жұмыстары жатады.
     Эстакада құрылысының бұл жазылған әдісі және оның бірбеткей үлгісі
бастапқыда 5-6 метр болады. Жасалған жаңа түрдегі конструкциялар және олар-
ды құрастыру әдістері, сонымен қатар жаңа эстакада құрастыратын агрегаттар
пионер әдісін 20-25 метр тереңдікке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Тереңдігі
25-40 метр теңіз акваторияларын меңгеру қажеттілігіне байланысты Әзербайжан
мұнай өндірісінің бір топ мамандары (М.Абасов, Б.Н. Глонкий, Б.М. Мамедов
және т.б.) құрылыстың жаңа тәсілін ұсынды және түзбелі негіздердің көмегімен
құрылатын, үлкен блоктан тұратын эстакаданың негізгі бөліктері: толығымен
металл конструкция зауыттарында немесе жағада құрастыру алаңдарында
дайындалатын жазық тесіп өтетін тіректер және қабатталған тұтас қабырға

         410

МАЗМ¦НЫ
   405   406   407   408   409   410   411   412   413   414   415