Page 409 - indexf
P. 409

метрге дейін ұзартты. Осындай құрылыс жүйесінің көмегімен 27 метрге дейінгі
тереңдікті меңгеру жүзеге асты.

     Барлық эстакада-құрылыс көтергіштерінің кемшілігі болып орын ауыс-
тырғанда және монтаж конструкциясы кезінде олардың эстакаданың ұшуына
ауырлық түсіруі табылады. Құрылыс теңіздің ұсақ бөліктерінде жүргізілгенге
дейін көтергіштердің монтаждық ауырлығы эксплуатационды және ұшу
құрылысы фермасынан асып кеткен жоқ және үнемді болды. Үлкен тереңдіктегі
құрылыстың пионерлік схемасының сақталуы қуатты көтергіштердің пайда бо-
луына және тіреуіш қадамының ұлғаюына қажеттілік тудырды. Бұл монтажды
жүктелудің ұлғаюына алып келді, олар көбірек өндіре бастады.

     Нәтижесінде, эстакаданың жүзгіш көтергіштер көмегімен жаңа
конструктивті схемасы жасалды.

     Құрылыстың осындай әдісінде эстакаданың тіреуіш бөлігі жағалық базада
толығымен жабылған кеңістік блок түрінде орындалады.

     Блокты құрылыс алаңына жеткізгеннен кейін, оны жүзгіш крандар
көмегімен жоба жағдайына орналастырады және бұрыштық тіреуіштер сваи
арқылы астымен бекітеді. Блоктар призматикалық және пирамидалық болуы
мүмкін. Кеңістіктегі терең сулық эстакада жүйесі 15.2-суретте көрсетілген.

                       15.6 Порттар және портты қондырғылар

     Теңіз кен орындарын эстакадалық әдіспен меңгеру барланған лаборато-
рияларда жүзеге асады. Эстакадалық әдіспен теңіз кеніштерін меңгерудің
маңызы келесіде: кен орындарын меңгеру жоспары негізінде жасалған болашақ
мұнай өндіруші кәсіпорындарды орналастыру үлгісіне сәйкес тармақталған
магистралды эстакадалар торабын құруда. Эстакадалар құрылғысымен қатар
оған қосылатын объектілерді жасауда оларға: ұңғыны меңгеру және бұрғылау
алаңдары, мұнай жинайтын пункттер, су және мұнай сораптары, ауа, су, газ,
айырғыш бөлімдер, су тазартқыштар, бұралқы суларды жинау және пайдаға
асыру, ауыр жүк суларын қабылдау құрылымдары, компрессорлы станциялар,
аймақтық тауар сақтайтын резервуарлар паркі, электр станциялары, трансфор-
матор бөлімдері, негізгі алаңдар, мәдени тұрмыстық және басқару ғимараттары,
адамдар жататын үйлер.

     Осылай эстакада әдісімен кен орынды меңгеруде объектілер арасында
құрғау жолды байланыс қамтамасыз етіледі, ұңғыны бұрғылау жылдамдықты
жоғарылатуға және оларды пайдалануға беру уақытын қысқартуға, сонымен
қатар мамандандырылған теңіз флотын ұстауға байланысты.

     Теңіз эстакадасы үздіксіз теңіз толқынына тәуелсіз объектілер арасында
құрғау жолды байланысты қамтамасыз ету үшін арналған.

     Эстакадамен жүзеге асырылады:
     а)	 жіңішке қалыпты темір жол және автокөлік қозғалысы;

         409

МАЗМ¦НЫ
   404   405   406   407   408   409   410   411   412   413   414