Page 416 - indexf
P. 416

8.	 Өмірмен қамту жүйелері сияқты жүйелердің барлығы немесе кейбіреулері
          кіреді.

           16.1 Теңіз платформаларында мұнай дайындау сызбалары

     Мұнайды көп газ мөлшерімен даярлаудың қарапайым технологиялық сыз-
басы (16.2-сурет) болып, мұнай да, газ да сепарацияның бірнеше сатылары-
нан өтетін сызба саналады. Тек ол кезде мұнайдың қысымы газдың бөлінуін
қамтамасыз ете отырып, баяу төмендейді, ал газ ауыр көмірсутектерін бере оты-
рып, сығылады (әрбір сығылудан кейін теңіз суы салқындайды) және бөлінеді.

     А

         16.2-сурет. Мұнай мен мұнай газын даярлаудың технологиялық сызбасы

     Бұл сызбада көрсетілгендей, өлшеуші сепаратор өндірілетін флюидтердің
– газ, мұнай мен су әрқайсысы бойынша ұңғыма дебитін анықтауға, оларды
даярлаудың жалпы үдерісіне жіберуге мүмкіндік беретін санау құрылғыларымен
жабдықталған.

     Платформада газдың бір бөлігі (А легі) жекеменшік қажеттіліктерге:
компрессорлардың газ құбырлы жетектерінде отын ретінде, жылыту мен энергия-
мен қамтамасыз етуде қолданылады.

     Газды фактор мен басқа да нақты жағдайларға байланысты мұнайды
дайындаудың қарастырылған сызбасы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мысалы,
егер қабатқа газ айдау қажеттілігі болмаса, сызбадан компрессор (14) мен
оның жетегін (15) алып тастап, газ сепараторының (7) газ ағынын суасты газ
құбырына бағыттауға болады. Басқа ұқсас шешім 16.3-суретте көрсетілген.

         416

МАЗМ¦НЫ
   411   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421