Page 417 - indexf
P. 417

16.3-сурет. Мұнай мен ондағы еріген газды кешенді дайындау сызбасы

     Көптеген аппараттары бар бұл сызба күрделі және энергияны көп қажет
етеді, бірақ басқа әдістерге қарағанда пайдаланудың барынша сенімді жүйесін
құрастыруға, сұйық фракциялардың көлемін арттыруға, газдың қажетті
шық нүктесін қамтамасыз етуге және факельде жағылатын газдың көлемін
минимумға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Суреттен көрініп тұрғандай,
мұнайды дайындау әдетте, мұнайдың сатылы тұрақталуы мен одан судың
жақсы бөлінуіне алып келеді. Бұл сызбада бірінші сатылы сепаратор (2) 1,95
МПа қысымда жұмыс істейді, екінші сатылы сепаратор (3) 1,2 МПа қысымда
және үшінші сатылы сепаратор (4) 0,12 МПа қысымда жұмыс істейді.
Қысымның осындай сатылануында мұнайдың тұрақтануы тиімді жүреді, оған
ортаның жоғары температурасы да 55-60 0С әсер етеді. Сепарацияның үшінші са-
тысынан кейін шикі мұнай сораппен (6) платформалардағы ыдыстарға айдала-
ды, сонымен қатар будың серпімділігін төмендету үшін оны салқындатады.
Сепарацияның үшінші сатысындағы газды компрессорлармен (13) және (16)
сығады (шамамен, 1,1 МПа қысымға дейін) және сепарацияның бірінші және
екінші сатыларындағы газбен біріктіреді, одан кейін қоспаны бірнеше са-
тыда (бұл жағдайда компрессордың құрамында үш саты (19), (23) және (28)
сығады. Сығылған газды сығудың екінші сатысынан кейін (шамамен, 4,2 МПа
қысым жағдайында) абсорбердегі (27) гликоль көмегімен құрғатады. Сығудың
үшінші сатысынан шығаберісте (28) құрғатылған газ 17,5 МПа қысымға ие
болады. Ол тауарлық газдың құбыры арқылы жағаға (XIV сызығы) жіберілуі
мүмкін немесе қабатқа (ХІІІ сызық) айдау үшін әрі қарай сығылуы (41,5 МПа
дейін) мүмкін. Сығудың әрбір сатысынан кейін тоңазытқыш-конденсаторлар
(14), (17), (20), (24, (29) мен көмірсутектерді бөлу үшін сепараторлар (15),
(18), (21), (25) және (30) орнатылады. Сығудың екінші және үшінші са-

         417

МАЗМ¦НЫ
   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421   422