Page 414 - indexf
P. 414

Газ конденсатты кен орындарында өндірілетін өнім бөлінуге – газды конден-
саттан бөлуге мүмкіндік беретін екісатылы сепарацияға ұшырайды.

     Газ құбырында күтілетін ең төменгі 10-12°С температурадан төмен алыну
тереңдігінде кептірілуге ұшырайды.

     Конденсат (дегазация жолымен) тұрақтандырылады және одан әрі конден-
сат құбырға жіберіледі, конденсатты айдау құбырдың басындағы гидравликалық
жоғалтулардан асатын және оның трасса арқылы дегазациясын болдырмайтын
қысымда сораппен жүргізіледі.

     Технологиялық шешімдерді таңдауға басқа да факторлар:
     –	 ұңғыма өнімін жинау жүргізілетін кезіндегі қысым;
     –	 жоғарыарынды жинаудың энергия көздері;
     –	 ұңғымаларды шоғырлау;
     –	 ұңғыма өнімдерін жинау;
     –	 ұңғыма өнімін дайындау орны;
     –	 ұңғыма өнімін өлшеу;
     –	 жинау құбырларының саны;
     –	 бөлінген немесе біріктірілген транспорт әсер етеді.
     Осы факторларды есептеу теңіз кен орындарын пайдалану жағдайларына
барынша нәтижелі және үнемді жүйені таңдауға мүмкіндік береді.
     Мұнай мен газды және олардың транспортын жинауға платформада:
     –	 ұңғыма өнімін жинау;
     –	 әрбір жеке ұңғыманың өнімін өлшеу;
     –	 мұнайдың, су мен газдың әрбір жеке жағдайдағы анықталған деңгейге

          дейінгі сепарациясы;
     –	 мұнайды сусыздандыру және кейбір жағдайларда оны тұрақтандырумен

          (жеңіл көмірсутектердің айтарлықтай бөлігін жоюмен) қатар
          тұзсыздандыру;
     –	 газды құрғату;
     –	 өндірілетін өнімнің тауарлық есебі;
     –	 мұнай мен газдың бөлінген транспорты сияқты операциялар жүргізіледі.
     Өндірілген өнімді кәсіпшілік даярлаудың бірыңғай әмбебап сызбасы жоқ.
Барлық сызбалар нақты географиялық жағдайларға, өндірілген көмірсутектер
сипаттамасына, қабат қысымдарына және т.б. байланысты өзгереді.
     Алайда, теңіз ұңғымалары өнімдерін жинаудың, даярлаудың және
тасымалдаудың заманауи технологиялық сызбалары негізгі қағидаларға,
яғни жеңіл фракцияларды жоғалтуды ескертуге, мұнайдың атмосферамен
байланысының болмауына және мұнайдың газдан, судан және механикалық
қосылыстардан барынша толық бөлінуін қамтамасыз етуге жауап береді.
     Теңіз ұңғымалары өнімдерін даярлаудың технологиялық сызбасын
таңдағаннан кейін бастапқы мәліметтер мен нақты жағдайларға байланыс-
ты оған термодинамикалық және гидравликалық есептеулер, яғни қысымды,
температураны, тығыздықты кіруден шығуға дейінгі барлық технологиялық

         414

МАЗМ¦НЫ
   409   410   411   412   413   414   415   416   417   418   419