Page 433 - indexf
P. 433

16.13-сурет. Газды дайындаудың және жинаудың су-
                    асты жүйесі блогының сызбасы

1 – өндіру ұңғымалары; 2 – пайдалану монифольді; 3 – коррозия-
ны ингибирлеу; 4 – метонолды айдау; 5 – ұңғыма өнімін сепара-

     циялау; 6 – коррозия инибиторлары; 7 – гликольді айдау.

     Қазіргі уақытта суасты газды өңдеу және компрессорлық жабдықтауды пай-
далану судың астында мүмкін емес. Газды өңдеу мәселесенің шешімі коррозияға
қарсы және күкіртсутегінің түзілуіне байланысты ингибиторды пайдалану.

     16.3.1. Суасты жағдайында мұнайды жинау және дайындау

     Суастындағы орнатылған кіші кешенді технологиялық жабдық мұнай, газ
және судың сепарациясын және оларды жеткізуге дайындауды қамтамасыз
ету керек. Осы үдеріс қиын болуы мүмкін, сол үшін кейбір төменгі ұсыныстар
көрсетілді:

     Саға және монифольд. Осы компоненттер суасты жүйесінде игеріліп
және сәтті пайдалануда. Газлифтті және сорапты игеру тек қана суасты
жабдықтарының көмегімен іске асырылады.

     Сепарация. Кішкентай кен орындарда жоғарғы тиімділікті мұнай алу
бұдан басқа қарапайым суасты жабдығы арқылы жүзеге аса алады. Суасты
сепарациясы әзірге шектелген жағдайда қолданылады. Мұнайды тасымалдауға
дайындауды қысқарту үшін сепарация саты санын бір-екіге дейін қысқартуға
болады. Бу қысымын қамтамасыз ету үшін электрқыздырғыш қарастырылған.
Барлық жүйелер сағасы жабық ұңғыманың статикалық қысымына есептелуі
керек. Жылдам түсу қарастырылмайды.

       Платформадан сепарацияның тиімділігіне деэмульгатор немесе көбік
өшіретін агент енгізу арқылы жетуге болады. Сепаратор массасын және өлшемін
төмендету, олардың жоғарғы тиімділігін сақтау үшін орталықтандырылған кон-
струкция немесе қиғаш сөрелі конструкцияны қолдану керек.

         433

МАЗМ¦НЫ
   428   429   430   431   432   433   434   435   436   437   438