Page 434 - indexf
P. 434

Өндірілген газ. Минималды сепарация қысымын қамтамасыз ету үшін
алынған газ түбінде бекітілген шарнирлі мұнара арқылы көтерілу керек және
сонда орналасқан факельде немесе жеке орналастырылған қыздырмалы
жабдықта жану керек.

     Алынған газды салқындатқанда, оның температурасы көмірсутегінің шық
нүктесінен төмен болуы керек. Кисталлогидрат пайда болу мәселелері метанол-
ды айдау арқылы шешіледі.

     Қабат суы. Су астында қабат суларын арнайы ыдыста сақтау үшін жағдай
болуы тиіс. Сәйкес уақыт кезеңі өткен соң және деэмульгаторды пайдаланғаннан
кейін суды тікелей теңізге айдау нұсқасы бар. Ал басқа нұсқа бойынша,
өңделмеген су кезінде ол арнайы танкерге толтырылу керек.

     Беттік жабдықтар. Беттік жабдықтар кешені:
     	энергиямен қамтамасыз ету;
     	химиялық реагенттерді айдау;
     	факельді жабдықты орналастыру;
     	бақылау және басқару жүйесін орналастыру сияқты функцияларын

          орындау үшін керек.
     Беттік жабдықтар өндіру ұңғымасынан алыста орналасуы мүмкін.
     Бұл кезде мұнайды тасымалдау суастында мұнай айдау сораптары
орнатылған кезде құбыр арқылы жүзеге асады.
     Тұрақты конденсат И-1 буландырғышынан өз қысымы арқасында Т-3 және
Т-2 рекуперативті жылу алмастырғышынан өтеді және жылуалмастырғышта
толық суытылған «конденсат-су» сыйымдылығы 200 м3 жинау резервуарына,
бұдан ортадан тепкіш сорап арқылы суасты конденсат сақтау орнына барады.
     Қондырғыда Р-3 авариялық конденсат желдеткіші қарастырылған, ол 50-
60˚С температурадағы факельге газды лақтырып тұрақтандыру арқылы конден-
сатты тұрақтандырады.
     Сағалар және монифольд. Суасты жүйесінің бұл компоненттері бұрыннан
қолданылуда, сондықтан ол қарастырылмаған.
     Сепарация. Газды суасты кешеніне конденсатпен бірге бір құбыр арқылы
тасымалдау болжамдануда. Газды ұңғымадағы өнімді сепарациялау:
     а) жабдықтардың эрозиясын болдырмау үшін құмнан тазалау;
     б) коррозияны болдырмау үшін қабат суларынан тазалау мақсаттарында
жүргізіледі.
     Газды игеру үдерісінде ұңғымадан мұнайды игеруге қарағанда ілеспе
су аз алынады, ол коллектордың қабат қысымы және температурада қанығу
жағдайына байланысты.
     Суды тастау әдісі мұнайды суасты өңдегендегі әдіспен бірдей болады.	
Суасты сепараторы – бұл жоғарғы қысымды сепаратор, бірақ қысымның түсуі
сағалық штуцерде номиналды болады.
     Беттік жабдық. Газды суасты жинау және дайындау жүйесі, мұнайды
суасты жинау және дайындау жүйесінің беттік жабдық кешеніне қарағанда,

         434

МАЗМ¦НЫ
   429   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439