Page 435 - indexf
P. 435

оның кешені алыста орналасқан деп болжамдалған. Беттік жабдық, кем де-
генде, сепарацияны орындауды, сонымен бірге газды және конденсатты
дегидрлеуді қамтамасыз етеді. Газды және конденсатты тұрақтандыру бойынша
қондырғының жұмыс жасауы үшін көмірсутегінің шық нүктесін бақылау керек.

     Энергия және химиялық реагентті беру. Энергия және химиялық реагент-
тер (қондырғы және құбырды қорғау үшін) суасты кабелі және құбыр арқылы
берілуі керек.

      16.4 Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз
                                          жинау жүйесі

     Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ өнеркәсібінің
даму болашағын Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) кен орындарын
игерумен байланыстырады. Әлемде теңіз кен орындарын игерудің жеткілікті
мол тәжірибесі жинақталған.

     Суы таяз және тереңдеу болып келетін (яғни, жағалауға жақын және одан
едәуір қашық) аудандарда орналасқан теңіз мұнайгаз кен орындарындағы ұңғы
өнімдерін жинау және дайындаудың әртүрлі жүйелері бар.

     Теңіздегі кен орындарында ұңғыны бұрғылау, одан өнім алу, алынған өнімді
(мұнай, газ және су) жинау және дайындау үшін әртүрлі гидротехникалық
құрылым-жасақтары қолданылады. Олардың түрлерін таңдау көптеген себеп-
терге байланысты болады.

     Теңіздің 10-15 метр тереңдігіне дейінгі жерлерде алаңқайлары бар жасан-
ды дамбалар немесе аралдар және эстакадалар, ал неғұрлым терең (150-300 м)
жерлерде тұрақты (стационарлы) платформалар түріндегі гидротехникалық
құрылым-жасақтары жиі қолданылады.

     Қайраңдағы (таяз суларда) төселетін дамбалар немесе жасанды аралдар
тастардан, щебенкалардан және құмдардан тұрғызылады, дамбаның бүйір
беттерін судың шаюынан сақтау үшін бетонды плиталар немесе ірі блокты
тастармен қоршайды. Дамбаның нақ ортасынан жағалауға дейін жүретін
жолдар салынады. Дамбамен қатар ұңғылар шоғыры бұрғыланатын алаңқайлар
тұрғызылады. Дамбаның тереңдігі ұлғайған сайын эстакадаларға ауысады.

     Теңіз түбіне қағылған, металды құбырлы қазықтармен орнатылған ферм-
дерден жинақталған көпірлі құрылым-жасақтарды эстакадалар деп атайды.
Эстакадаларға ұңғыны орналастыру, мұнай мен газды жинау пункті мен мұнай
резервуарларына арнап, сондай-ақ көмекші және тұрмыстық кешендерді орна-
ластыру үшін алаңқайлар жалғанады.

     Эстакаданың екі түрі болады:
     1)	 жағалауға жақын орналасқан және олармен суүсті арқылы байланыса-

          тын жағалық эстакадалар.
     2)	 жағалаудан қашық орналасқан және олармен суүсті арқылы байланыс-

          пайтын ашық теңіз эстакадалары.

         435

МАЗМ¦НЫ
   430   431   432   433   434   435   436   437   438   439   440