Page 432 - indexf
P. 432

Сағалық жабдық және монифольд (16.12-сурет). Суасты қондырғылар
және сағалық жабдықтар мұнай өнеркәсібінде бүгінгі таңда қолданылуда.
Суасты штуцерді игеру аяқталуда.

     Сепаратор – құрамында қысымды және сұйықтық көлемін реттеу үшін
қолданылатын қондырғылары бар резервуар. Олар су астында жұмыс істеуі
мүмкін, бірақ ол толықтай суасты өңдеуге арналған деп айту қиын. Белгілі
бір қиындықтар газ және сұйықтықты сапалы сепарациялауда және қысымды
төмендетуде кездеседі.

     Сепарация тиімділігі. Өнім буының серпімділігіне қысым мен температу-
раны бақылаудағы талаптарды орындағанда жетуге болады. Ағынның жылуын
сақтау үшін оқшаулау жүйесінің талабын қатаң ұстану керек. Сонымен бірге
теңізден судың кіріп кетпеуін қадағалау керек. Жылу шығынында немесе сұйық
көмірсутектің парафин түзілімі жоғары болса, иммерсионды электр жылыту се-
параторы қажет болуы мүмкін.

     Мұнай және конденсатты сорап арқылы айдау қиындық туғызбау керек,
себебі терең сораптар тереңдікте де жұмыс жасау керек.

     Ілеспе суды өндіру қысымда болады және құрамында еріген және еркін
көмірсутек компоненттері болады. Ол бірнеше уақыт суасты ыдыстарын-
да сақтала алады, одан соң тазартылмаған күйде теңізге ағызылады немесе
сақтағаннан соң танкерге тиеледі.

     Мұнайды және конденсатты тасымалдау. Мұнайды танкер немесе құбыр
арқылы тасымалдау екі немесе үш сатылы сепарациядан өткен, 10 немесе 100-
ге тең Рейд бойынша серпімділік буы бар сұйықты алуды болжайды. Мұндай
құрылысты салуда негізгі мәселе – мұнайды су астында өңдеу, танкер немесе
тиеу колоннасында минималды кешенді технологиялық қондырғыны жобалау.

     Конденсатты сусыздандыру суасты жағдайында гравитациялық бөлу не-
месе коалесценция арқылы жасалуы мүмкін. Бірақ суды тастау мәселесі қалады.

     Газды тазалау.
     1.	 Мұнай газы
     Кіші мұнай кен орындарында газдың қоры аз, сондықтан оны жеке игеруді
ұйымдастыру қажет емес. Сепарацияланған газды тастау атмосфераға шығару
немесе факельде жандыру арқылы жасалады.
     2.	 Газ және газконденсаттық кен орындарында игерілетін газ.
     Газ және газконденсатты кен орынды игеру кезінде негізгі мәселе игерілетін
газды ары қарата тасымалдай алуда. Бұл кезде:
     -	 кристоллогидраттық түзілуі;
     -	 коррозия;
     -	 екі фазалық ағымның түзілуі сияқты мәселелер туындайды.
     Кристоллогидраттық түзілуі еркін судың әсерінен күшейеді және олар
коррозияның пайда болуына әкеледі. Коррозия көміртек диоксиді, әсіресе
күкіртті сутегі құрамында бар парциалды қысым әсерінен көбейеді. Сұйық
көміртегінің пайда болуы құбырдағы температураның төмендеуінен болады.

         432

МАЗМ¦НЫ
   427   428   429   430   431   432   433   434   435   436   437