Page 455 - indexf
P. 455

Якорлеу жүйесі бойынша танкер ірі диаметрлі шарнирлі қосылуы бар
штангамен жалғанады. Ағымдар мен толқындардың әсерінен болатын кеменің
орын ауыстыруына қарамай осы жалғанудың еркін орын ауыстыруы мұнайды
жүктеуге мүмкіндік береді. Танкерлерден немесе жағадағы мұнай базаларынан
шикі мұнай немесе табиғи газ жағадағы зауытқа жеткізіліп, онда олар мұнай, газ
және химиялық кәсіпшілік өнімдеріне өңделеді. Осы зауыттарда көмірсутектер
біз күнделікті қолданатын көптеген өнімдердің ингредиенттері болып келеді.
Олар бензин және мотор майы, синтетикалық маталар және желімдер (плас-
стмассалар), асфальт, әрбір үйге қажетті жанармай болып шығарылады.

                                   17.4 Газды тасымалдау

     Газды тасымалдау табиғи қысым есебінен жүзеге асады. Осыған байланыс-
ты қондырғы жүйесінде қысым жұмысшы қысымға немесе сағалы қысымға тең
болады. Мұнайды, газды немесе газды конденсатты өндіру ауданынан өңдеу
орнына тасымалдау суасты құбыр жолдары бойынша жүзеге асады.

17.7-сурет. Су асты техникалық жұмыстарына арналған кеме

     Қазіргі кезде осындай кемелерде құбыр жолдарын салудың екі әдісі
қолданылады. Құбыр жолын үздіксіз жалғау және алдын ала дайындалған
плеттерді орау. Диаметрі 1200 мм құбырларды төсеу қажеттілігі 4-5 болған
кезде жүзеге асады. Аса үлкен тереңдікте құбырдың қисығының кіші радиусы
кезінде арнайы ию қондырғысы стингер қолданылады. Стингердің ұзындығы
180 м болуы мүмкін. Жартылай батырылған типті қазіргі құбыртөсегіштің жал-
пы түрі 8.5-суретте берілген. Оның негізгі параметрлері: ұзындығы 146,5 м;
ені 33,0 м; биіктігі 13,0 м; экипажы 200 адам. Кеме он якорлы лебедкалармен
қамдалған, якорлы арқын диаметрі 64 мм, әрбір лебедкадағы арқан ұзындығы
3000 м жетек дизельэлектрлі, негізгі генераторлар саны 5, әрбіреуінің қуаты 1,15
МВт, сонымен қатар қосымша генераторлардың жалпы қуаты 2, 9 МВт. Кеме-
де жүк көтергіштігі 250 т крандар орнатылған, су деңгейінен көтеру биіктігі
60 м, төселетін құбыр жолы диаметрі 216-дан 813 мм-ге дейін, төсеу кезіндегі су

         455

МАЗМ¦НЫ
   450   451   452   453   454   455   456   457   458   459   460