Page 544 - indexf
P. 544

Ол төрт ескі Akal, Nohoch, Chac және Kutz кен орындарынан, сонымен
қатар таяуда ашылған терең сулы Sihil кен орнынан тұрады. Кен орындарды
пайдаланудың соңғы 20 жылы ішінде резервуардағы қысым 60%-ға төмендеді.
Резервуарда қысымды ұстап тұру үшін, сонымен қатар қондырғыны оның
сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен модернизациялау үшін:

     •	 39 бар платформаларды модернизациялау және 26 жаңа платформалар-
          ды қамдау;

     •	 Akal L және B екі жаңа кешендерді жасау;
     •	 Мұнайды сақтау мен тиеу үшін жүзбелі платформаны құру;
     •	 Резервуарда қысымды ұстап тұру үшін азот өндіретін ірі зауыттың

          құрылысын салу;
     •	 Газды дайындау бойынша қуатты көбейту;
     •	 Газды дайындау үшін газды қабатқа қайта айдау мақсатымен платфор-

          малар құрылысын іске асыру;
     •	 Ұзындығы 1700 км-лік желіні ұлғайту мақсаты үшін тағы 400 км-ден

          астам теңіз құбырларын салу сияқты арнайы бағдарлама жасалған.
     Кен орындарына екі фазалы ағымды құбырлар арқылы, газды, мұнайды,
газифлит үшін газ, азотты тасымалдайды. Екі фазалы құбырлар ұңғымалардан
бастап алыстағы платформалардан өнімді жинайды және оны өнімді дайындау
бойынша үш орталық кешендерге: Akal C, Akal J және Nohoch A жеткізеді. Екі
фазалы қоспаны мұнай мен газға бөлгеннен кейін мұнай танкерлерге тиеледі
немесе құбырлар арқылы жағаға жеткізеді. Кен орнын модернизациялау
бағдарламасының бөлігі ретінде FSO “Ta’kuntah” тұрғызылған. Кеме 2,3 млн.
баррель сақтай алады. Оны платформалармен байланыстыру үшін жаңа мұнай
құбырлары салынған.

     20.3.3 Солтүстік Америка

     Канада
     Мұнай. 2002 жылы ерекше оқиға болды: Канада битумизонды құмдақтардан
алынатын мұнайды дәлелденген қорларға қосты. Нәтижесінде мұнай қорлары
бойынша 20-шы орыннан Сауд Арабиясынан кейін екінші орынға ауысты. 77
мың км2 территорияға созылатын Канаданың битумизонды құмдақтары Альбер-
та штатында 2-2,5 трлн. баррель битумнан тұрады, олардан 300 млрд. баррель
алынады деп есептеледі. Олардың 174,8-ін Мұнай Өндірушілердің Канадалық
Ассоциациясы дәлелденгендер категориясына қосты. Соңғы жылдар ішінде
жаңа технологияларды енгізу негізінде 1980 жылдары барреліне кететін шығын
24 доллардан 12 долларға дейін қысқарды. Алдағы бір жарым жыл ішінде
өндірістің бағасының төмендеуі баррельіне 8 долларға дейін төмендеуі күтілуде.
Алынатын битум канадалық МАЗ-да (мұнай айыру зауыты) синтетикалық
мұнайға қайта өңделеді және содан кейін АҚШ-тың орталық штаттарына
жіберіледі немесе АҚШ-қа МАЗ-да қайта өңделу үшін жедел тасымалданады.
Осылайша, Канаданың мұнай қорлары 180 млрд. баррельді құрайды. Канаданың

         544

МАЗМ¦НЫ
   539   540   541   542   543   544   545   546   547   548   549