Page 380 - indexf
P. 380

ХІІ тарау
Жас спортшыларды шынықтырудың

          физиологиялық негіздері

    Дүниеге келгеннен бастап қайтыс болғанға дейін адамның да-
муы, яғни онтогенез – организмнің жеке-дара дамуы үздіксіз біртекті
үдеріс болып табылады. Өмір сүру барысында организм бірнеше
заңдылықты (физиологиялық) өзгерістерге ұшырайды.

           Жеке-дара даму және жас кезеңдері

    Жеке-дара даму. Онтогенез тұқым қуалайтын факторлардың
ықпалына байланысты және ата-аналық гендердің өзара әсерлесуі
нәтижесінде құрылатын генетикалық программамен анықталады.
Жеке-дара дамудың генетикалық программасы қоршаған ортаның
белгілі бір жағдайларында жүзеге асырылады. Онтогенездің түрлі
сатыларында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның әсерлері
бірдей болмайды. Мәселен, өмірдің алғашқы жылдарында соңғы
жылдарына қарағанда сыртқы ортаның ықпалы өлшеусіз күштірек
болады.

    Дамып келе жатқан организмнің органдары мен жүйелерінің бірі
ертерек, басқасы одан кешірек дами отырып, олардың қалыптасуы
бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды өтеді. Мәселен, ми
мен жұлын морфологиялық жағынан ерте балалық шақта барын-
ша қарқынды өсіп, 10-12 жаста мөлшері өз шегіне жетеді. Жыныс
мүшелерінің де қалыптасуы 11-12 жасқа дейін салыстырмалы түрде
баяу, ал 12-14 жаста шапшаң өтеді.

    Адамның жеке-дара дамуы барысында бір-бірімен өзара бай-
ланысты ассимиляция (жасалу) және диссимиляция (ыдырау) де-
ген үдерістер үздіксіз жүріп жатады. Дамудың түрлі кезеңдерінде
бұл үдерістердің арақатынасы өзгеріп отырады. Организмнің
қалыптасуы мен өсу кезеңдерінде ассимиляция басым келеді. Ере-
сектерге қарағанда энергия жұмсауы салыстырмалы жоғары болып
келетін белоктар синтезінің күшеюі байқалады.

    Адамның жеке-дара дамуының түрлі кезеңдерінде организм

           380

⇐ МАЗМҰНЫ
   375   376   377   378   379   380   381   382   383   384   385