Page 381 - indexf
P. 381

қызметінің нейрогуморалдық реттелу сипаты да өзгеріп отырады.
Мысалы, дамудың ерте кезеңдерінде салыстырмалы тыныштық
күйде ЖЖЖ едәуір болуымен көрінетін жүрек-тамыр жүйесінің
симпатикалық реттелу механизмдері басым келсе, жас келген сайын
жүректің жиырылу ырғағының баяулауымен айқындалатын кезеген
(вагус) жүйкенің ықпалының күшеюі орын алады.

    Адамның дамуына қозғалыс, дене жаттығулары орасан зор
ықпал жасайды. Гипокинезия деп аталатын қозғалыс белсенділігінің
шектелуі, қозғалыстың жетіспеушілігі организмнің қалыптасуына
теріс әсер етеді. Әсіресе, балалық шақта организмнің түрлі
жүйелерінің қызметі қаңқа бұлшық еті белсенділігімен тура
тәуелділікте болады. Қозғалыс белсенділігі зат пен энергия алмасу-
ын стимулдайды, организмнің жүйелерінің де барлық қызметтерін
жетілдіреді және оның жұмысқа қабілеттіліктерін жоғарылатады.

    Американдық ғалымдар 400 м жүгіру мен шахмат ойыны кезін-
дегі нәтижелерді жасқа байланысты салыстыра зерттеген (71-сурет).

    	
71-сурет. Жасқа байланысты әртүрлі спорт түрлеріндегі (400 м жүгіру мен
 шахмат ойыны кезіндегі) нәтижелер (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud,

     Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientific American, 2013)

           381

⇐ МАЗМҰНЫ
   376   377   378   379   380   381   382   383   384   385   386