Page 376 - indexf
P. 376

2. Өкпелік желдену азайған;
    3. Жүректің қан айдау қызметі өзгеріссіз қалған;
    4. ЖЖЖ төмендеген;
    5. Систолалық көлем артқан;
    6. АВА-О2өзгермеген немесе тек аздап төмендеген;
    7. Қандағы лактат концентрациясы кеміген.
    Максималды аэробты жұмыс кезінде тіркелген максимал-
ды көрсеткіштердің жаттықтыру алдындағы көрсеткіштерден
жаттықтырудан кейінгі ерекшеліктері:
    1. ОМП артады;
    2. Максималды өкпелік желдену ұлғаяды;
    3. Максималды жүректің қан айдауы жоғарылайды;
    4. Максималды ЖЖЖ біршама төмендейді;
    5. Максималды систолалық көлем көбейеді;
    6. Максималды АВА-О2 артады;
    7. Максималды қандағы лактат концентрациясы жоғарылайды.

    Бұл көрсеткіштердің барлығы негізінде энергия өнімділіктің
тотығу үдерістеріндегі оттегіні утилдейтін қаңқа бұлшық еттерінің
аэробтық мүмкіндіктері мен әйел организмінің оттегі тасымал-
дау мүмкіндіктерінің күшеюі жатқан аэробтық мүмкіндіктердің
жоғарылауын көрсетеді. Ер адамдардағыдай аз дәрежеде болса да,
әйелдерде төзімділік жаттығулары нәтижесінде бұлшық еттік мито-
хондриялар көлемі мен саны, аэробты метоболизмнің (тотығу) ар-
найы ферменттерінің белсенділігі мен мөлшері, бұлшық еттердегі
негізгі энергиялық субстраттардың (гликоген мен триглицерид-
тер) саны артады, көмірсуларды, әсіресе, майларды тотықтыратын
бұлшық еттердің қабілеті жақсарады.

             Етеккір циклі және дене жұмыс қабілеттілігі

    Әйелдердің түрлі жүйелерінің физиологиялық күйі мен
тұтасымен дене жұмыс қабілеттілігі етеккір циклі фазаларымен
белгілі бір тәуелділікте болады. Сонымен қатар дене жүктемелері
оның өтуіне де ықпал жасауы мүмкін. Етеккір циклі барысындағы
физиологиялық өзгерістердің сипаты мен қарқындылығы бойынша
өте айтарлықтай жеке-дара вариациялар кезінде жиі қайталанатын,
барынша типтік өзгерістерді бөліп қарастыруға болады.

                                      376

⇐ МАЗМҰНЫ
   371   372   373   374   375   376   377   378   379   380   381