Page 375 - indexf
P. 375

жаттықтыру аэробты мүмкіндіктерді жоғарылатады және тиісінше,
анаэробты табалдырық бойынша бірдей аэробты жұмысты орындау
барысында жаттықпаған әйелдерге қарағанда спортшы әйелдерде
қандағы лактат концентрациясы төмен болады. Осымен қатар ма-
мандануы бір болып келетін ерлерге қарағанда әйелдерде анаэробты
табалдырық кем келеді.

    Ер адамдарға қарағанда әйелдерде ОМП-дан 80-85%-ға төмен
деңгейде аэробты жүктемелер кезінде жұмыс атқарушы бұлшық
еттердің майларды (тотығуы) пайдалануы артық (ДК төмен) бола-
ды.

    Әйелдер мен ер адамдарда бірдей аэробты жұмыстың энергиялық
құндылығын сәйкестендіру кезінде бірнеше факторларды ең алды-
мен, әсіресе бірдей сол жаттығуларды орындау техникасындағы
айырмашылықтардан әртүрлі болатын жұмыстың механикалық
тиімділігін ескеру қажет.

    Мәселен, әйелдер мен ер адамдарда велосипед тебудің энергия-
лық құндылығын анықтау кезінде айтарлықтай айырмашылықтар
байқалған, алайда, жұмыстың калориялық құндылығын дене
салмағына шаққанда ол айырмашылықтар жоғалған. Сайып келген-
де, адамның жасы да, дене құрылысы да немесе композициясы да
энергиялық шығынға айрықша ықпал етпейді.

    Сонымен қатар дене салмағына шаққандағы калориялық
шығындар ер адамдарға қарағанда әйелдерде түрлі қашықтыққа
жүру кезінде 6-7%-ға, ал жүгіруде 10%-ға жоғары болған. Басқа
қырынан алып қарағанда, дене салмағына шаққандағы О2 пайдала-
ну жылдамдығы бірдей тредбанда жүгіру кезінде әйелдерде жеке-
дара көрсеткіштердің вариациялығы артық болғанымен, екі жыныс
өкілдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер байқалмаған.

    Төзімділікке жаттықтыру нәтижесіндегі физиологиялық
өзгерістер

    Жоғарыда айтылып өткендей, төзімділік жаттығулары туды-
ратын физиологиялық өзгерістер тұтасымен алғанда әйелдерде ер
адамдармен ұқсас келеді. Бірдей (стандартты) максималды емес
аэробты жұмыстарды орындау барысында «тұрақты күй» кезеңінде
төзімділік жаттығуының белгілі бір кезеңіне дейін және одан кейін
физиологиялық көрсеткіштерді салыстыруда келесідей өзгерістер
айқындалған:

    1. О2 пайдалану жылдамдығы сол қалпында қалған (кейде тек
біраз төмендеу тенденциясы байқалған);

                                      375

⇐ МАЗМҰНЫ
   370   371   372   373   374   375   376   377   378   379   380