Page 382 - indexf
P. 382

Екі спорт түрінде, яғни дене жаттығуы мен интеллектуалдық
спорт түрінде де бұлшық ет талшықтары санының азаюы, жүрек-
тамыр жүйесі немесе жүйке импульстерінің берілу жылдамдығы 24
пен 30 жас аралығында максимум мәнге жетіп, содан соң жұмысқа
қабілеттіліктің дереу төмендеуі орын алады. Алайда, шахмат ойы-
нында бұл жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі баяулау өтеді.

    Еңбекке даярлауда қозғалыс белсенділігінің маңызы зор.
Жаңа қозғалыстарды меңгере отырып, адам еңбек пен спорттық
шынықтыруға қажетті күрделі қозғалыстарды, бұлшық ет жұмысын
басқарып үйрене алады.

    Қозғалыс белсенділігі сезім мүшелері арқылы сыртқы ортадан
түскен ақпараттардың меңгерілуіне әкеледі. Бұл ақпараттың тек
дене жұмыс қабілеттіліктері мен ақыл-ой қабілетін жоғарылатуда
ғана емес, адамның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы бар.

    Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық
ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас
кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі
деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Организмнің жеке дамуын
онтогенез (грек. «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) деп атайды.

    Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің классификациясы
жаңа талаптарға сәйкес келмейді. Себебі педагогика саласында және
медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың салыстырма-
лы айырмашылығы бар (Х. Қ. Сәтпаева).

    Адам өмірі:
    1)	Құрсақта даму;
    2)	Балалық шақ;
    3)	Ересектік шақ деп үш сатыға бөлінеді.

                                            18-кесте

           Адам өмірін жас кезеңдерге бөлу

р/с Жас кезеңдері  Жасы         Қысқаша сипаттамасы

1 Құрсақта даму (антенаталдық)

1.1 Эмбриогенез –  2 айға жуық

ұрықтық даму

1.2 Фетогенез –    2-9 ай

нәрестелік даму

2 Балалық шақ (постнаталдық құрсақтан тыс даму)

                   382

⇐ МАЗМҰНЫ
   377   378   379   380   381   382   383   384   385   386   387