Page 377 - indexf
P. 377

Еттекір циклінің орта кезінде-ақ эритроциттер, гемоглобин,
лейкоциттер мен тромбоциттердің, сонымен қатар денедегі су мен
тұздың кешеуілдеуінен туындайтын гемодилюциямен (қандағы
плазма көлемінің артуымен) байланысты қандағы белоктар азая
бастайды. Әсіресе, спортшы-әйелдерде етеккірдің басталуының ал-
дында қандағы эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшері артады.
Етеккір күндеріндегі эритроциттер мен гемоглобин жоғалту салда-
ры дәрежесі жоғалтылған қан көлеміне байланысты болатын қанның
оттектік сыйымдылығының төмендеуіне әкеледі. Осы фазада тром-
боциттер саны мен фибринолизистік жүйелер белсенділігі кемуінің
нәтижесі ретінде қан ұйығыштығы төмендейді. Қан жоғалту келесі
эритропоэздің күшеюі үшін қуатты физиологиялық тітіркендіргіш
болып табылады. Шамамен, етеккір циклінің ортасына таман
қанның оттектік сыйымдылығы максимум мәнге жетеді.

    Етеккір алды және етеккір фазаларында негізгі алмасу мен
дене температурасы төмен болады. Етеккір фазасында бұлшық ет
жұмысы кезінде тер бөліну циклдің басқа фазаларына қарағанда
ертерек басталады. Бұл тер бөлінуіне тежеуші ықпал ететін эстро-
гендер (әйел жыныс гормондары) мөлшерінің төмендеуімен байла-
нысты болуы ықтимал. Осыған орай етеккір кезінде бұлшық еттің
жұмысқа қабілеттілігі қоршаған ортаның жоғары температурасына
ерекше сезімтал келуі мүмкін.

    Етеккір циклі барысында анаэробты энергиялық жүйелердің
сыйымдылығы көрсеткіші ретінде ОМП немесе О2 қарыздылықтың
ешқандай айтарлықтай өзгерістері орын алмайды. Сол бір аэробты
жүктемеге пульстік реакция біраз өзгеруі мүмкін. Тіпті, пульстік
реакция мен О2 пайдалану жылдамдығы өзгеріссіз бола тұра
етеккір кезеңіндегі орындалған дене жүктемесі субъективті түрде
неғұрлым ауырырақ болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан етеккір
циклінің дене жұмыс қабілеттілігіне ықпалы көбіне, әйел адамның
психикалық күйіне байланысты болады.

    Максималды бұлшық еттің ерікті күші көбіне, етеккір
басталғанға бірнеше күн қалғанда төмендейді де, етеккірдің басқа
барлық күндерінде солай болып қала береді.

    Әдетте, етеккір циклі спорттық жұмысқа қабілеттілікке барын-
ша ықпал етпейді. Дегенмен, үлкен жеке-дара вариациялар болады.
Мұнда спорт түрінің белгілі бір маңызы бар. Етеккір спринтерлердің
(қысқа қашықтыққа жүгірушілердің) жұмысқа қабілеттіліктеріне

           377

⇐ МАЗМҰНЫ
   372   373   374   375   376   377   378   379   380   381   382