Page 378 - indexf
P. 378

азырақ, ал төзімділікті жаттықтыратын спортшы әйелдердің жұмысқа
қабілеттіліктеріне көбірек ықпал етеді. Волейболшы, баскетболшы,
гимнастардың жұмысқа қабілеттіліктері етеккір кезеңінде көбіне,
қалыпты жағдайдағыдан төмен, бірақ төзімділік жаттығуларына
маманданған спортшыларға қарағанда жоғары болып келеді.

    Қарқынды спорттық жаттығулар мен жарыстарға қатысу етеккір
циклінің басталу мерзімі мен өту сипатына біраз ықпал жаса-
уы мүмкін. Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан 41%
спортшы жаттығулар мен жарыстар қандай да бір шамада олардың
етеккір циклінің үйреншікті өтуіне, тіпті, оны бұзылуына дейін
әсер ететінін байқаған (Е. Захарьева, 1965). Спортшы әйелдерде
етеккір орташа кешірек басталған және аменорея (етеккірдің
жоғалуы) немесе олигоменорея (етеккірдің азаюы) жиі байқалған.
Бұл бір жағынан соматикалық (денедегі майдың аз болуы) және
ішкі секреция бездерінің кейбір ерекшеліктеріне қарай спортқа ар-
найы сұрыптаудың салдары да болуы ықтимал. Дегенмен, жаттығу
жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығының ықпал етуі күмәнсіз.
Мысалы, орташа қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда аменорея
апталық жүктеменің жалпы көлемі 16 км болғанда 20%, апталық
жүктеме 80 км болған кезде 30%, ал апталық жүктеме 120 км жуық
болғанда 40%-дан аса жағдайларда байқалған.

    Аменорея басталуы жүйелі түрде берілген дене жүктемесінің
нәтижесінде майды жоғалтумен байланысты екендігі атап өтілген.
Аменореяны етеккірмен бірге темірдің жоғалуының алдын алатын
қорғаныс механизмі ретінде қарастыру кажет. Темір тапшылығы
төзімділікті талап ететін спорт түрлерімен айналысатын тұлғаларда,
бірақ әсіресе, стайер-әйелдерде (ұзақ қашықтыққа жүгіретіндерде)
көбіне жиі байқалған.

    Жаттығу үдерісін ұйымдастыруда биологиялық цикл фаза-
ларын ескеру

    Жаттығудың микро және мезоциклдерін жоспарлау кезінде спорт-
шы әйелдің өзіне тән биологиялық циклін, яғни оның ұзақтығын,
жеке фазаларының басталу мерзімдерін есекру қажет. Мұнда
етеккір басталғанға дейін 1-2 күн мен етеккір кезеңін қамтитын ар-
найы микроциклді белгілеу ұсынылады. Жаттығу мезоциклдеріне
сәйкесінше, 2-4 қалыпты мен 1 арнайы микроциклдер жатады.
Жалпы ұзақтығы 36-32 күнге созылатын ОЕЦ мезоцикл арнайы
микроциклді қосқанда 5 (4+1) микроциклден, 28 күндік ОЕЦ – 4

           378

⇐ МАЗМҰНЫ
   373   374   375   376   377   378   379   380   381   382   383