Page 386 - indexf
P. 386

3.3 Қариялық немесе  75-90 жас         18-кестенің жалғасы
       кәрілік жас   (ерлер мен
                     әйелдер)    Организм тозып, инволюция
3.4 Ұзақ өмір                    – кері даму, қайту байқалады,
       сүрушілер     90 жастан   негізгі қызметтер күрт
                     асқандар    төмендейді, қызметтік
                                 қорлар сарқылып төтенше
                                 жағдайларда өлім қаупі
                                 төнеді

                                 Организм қызметі әлсірейді,
                                 тірек-қимыл әрекеті
                                 үйлесімсіз болады, қол-аяғы
                                 қалтырайды, зат алмасу
                                 қарқыны төмендейді,
                                 жүйкесі қажиды, тежелу
                                 құбылысы дендейді, ұйқы
                                 нашарлайды, талдағыштар
                                 жүйесі кемшін келеді, есте
                                 сақтау қабілеті төмендейді.
                                 Дегенмен ширақ қарттар да
                                 кездеседі

    Жоғарыдағы классификациямен қатар балаларды тәрбиелеу,
үйрету және оқыту жағдайларын ескеріп, педагогтар:

    1.	Жаңа туған нәресте (1 ай);
    2.	Емшектегі бөбек (1 айдан 1 жасқа дейін);
    3.	Бөбекхана (ясли) жасы балбөбектер тобы (1-4 жас);
    4.	Мектепке дейінгілер тобы (5-6/7 жас);
    5.	Мектеп жасындағылар:

       5.1. Бастауыш сыныптағы оқушылар (6/7-11 жас);
       5.2. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);
       5.3. Жоғары сыныптағы оқушылар (14-18 жас) сияқты жас
       кезеңдерінің топтарын ұсынады.

    Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте
көп. 18-кестеде көрсетілгендей, әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір
ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын
«өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Кейбір ғалымдар
бұл мерзімді мүшелі жас деп те атап жүр. Бірақ оның жас кезеңдері

                     386

⇐ МАЗМҰНЫ
   381   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391