Page 387 - indexf
P. 387

қазақтың мүшелі жасымен сәйкес келе бермейді, дегенмен белгілері
ұқсайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш
жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан
бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі
біршама әлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерістерін қиналып
өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне
түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның
жасы ұлғайған сайын қиын келеді. Жас кезеңдерінің уақыттары
әртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне
негізделген. Жас кезеңдерінің уақыт шектері (хронологиясы) бол-
сын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын әлеуметтік
жағдайларға байланысты ұмытпаған жөн (Қ. Дүйсембин, 2007)

    Жеке-дара дамуды неғұрлым нақтырақ бағалау үшін күнтізбелік
(төлқұжаттық) жаспен қатар биологиялық жасты да ескеру
ұсынылады. Бұл әрбір организм үшін өзіңе ғана тән даму темпінің
болуымен байланысты. Сондықтан да биологиялық дамудың жеке
жас кезеңдерінің мерзімдері үнемі күнтізбелік жаспен сәйкес келе
бермейді. Биологиялық жас дене дамуы (бой, салмақ және т.б.),
қаңқаның сүйектерінің қатаю мерзімі, жыныстық есею дәрежесі
сияқты көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бағаланады.

    Шынайы жастың нақты сипатын бұдан да едәуір қиындататын
фактор акселерация үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс дене
дамуының жылдамдауы, мерзімінен бұрын ерте жыныстық жетілу,
дене мөлшерінің артуы сияқты негізгі ерекшеліктерімен сипаттала-
ды. Мәселен, Мәскеу қаласының жасөспірімдері мен бозбалалары
1923-1925 жылдармен салыстырғанда 10-13 см-ге өскен, оларда дене
салмағы 9-11 кг-ға артқан. 1979 жылғы 12 жасар ер балалардың бойы
1930 жылдағылардан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. ХХ ғасырда
өмір сүрген Алманиядағы балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір
жас кезіндегі көрсеткіштері ХІХ ғасырдағылардан артық болған.
Жыныстық жетілу көрсеткіштерінің бірі – алғашқы етеккір Ленин-
град (қазіргі Санкт-Петербург) оқушыларында 1927-1930 жылдары
орта есеппен 14 жас 2 айда басталса, 80-жылдардың аяғында 12 жас
11 айда байқалған.

    Қ. Дүйсембин (2007) еңбегінде мұндай мәліметтердің қазақ
балаларының өсуінде де кездесетіні қарастырылған. Айталық, 1976
жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта
шамамен, 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса

           387

⇐ МАЗМҰНЫ
   382   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392