Page 495 - indexf
P. 495

де жүзеге асырылады. Өкпе вентиляциясы ватерполшыда жоғары
және минутына 100-160 л және одан жоғары, оттегіні сіңіру 5,5-
6 л, ОМП 58 мл/мин/кг, ӨТС 5 л-ден жоғары мәнге жетуі мүмкін.
Тыныштықта ЖЖЖ 45-50 екп/мин, ал ойын кезінде 160-190 екп/
мин. дейін жетеді.

Жекпе-жек спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

    Еркін күрес, грек-рим, самбо, дзюдо және т.б. күрес түрлері жек-
пе-жекке қатысады.

    Күрестің құралы қарсыласын ұстап алып, тепе-теңдігін жоя оты-
рып, жерге не кілемге алып лақтыру болып табылады.

    Күресте статикалық ширығу тән жылдамдықты-күштік жұмыс
спортшының күшін, шапшаңдығын, ептілігін дамыта түседі.
Палуандардың қимыл әрекеті табысты болу үшін проприоцептивті
сезімталдықты дамыту қажет.

    Палуандарда бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған, ол көбіне,
анаэробты режимде жұмысқа бейімделген. Күрес кезінде энергия
шығыны өте жоғары болады. Ұстасу кезінде ол орта есеппен, 1 ми-
нутта 10-12 ккал және одан жоғары мәнге жетіп жығылады. Тыныс
жиілігі ұстасу кезінде минутына 35-40 экс және одан жоғары бола-
ды. Тыныс алудың кідіру моменттері мен күштену қармау кезінде,
лақтыруды орындауға дайындық пен лақтыру кезінде байқалған.
Салмақ категориясына байланысты энергия шығыны 3700-6000
ккал және одан жоғары болады. Оттектік сұраныс жұмыстың
қарқындылығына тәуелді болып келеді. Оттектік қарыздылық
ұстасудың соңғы кезеңінде айтарлықтай шамаға жетуі мүмкін. ОМП
57 мл/кг/мин. тең болады.

    Тыныштық күйде ЖЖЖ орта есеппен, 45-60 екп/мин. Ұстасу
кезінде және әсіресе, ұстасқаннан кейін ЖЖЖ 180-200 екп/мин.
және одан жоғары мәнге жетуі мүмкін. Артериялық систолалық қан
қысымы 150-160 мм сынап бағанасы және диастолалық қан қысымы
80-100 мм сынап бағанасы дейін жоғарылауы мүмкін.

    Қандағы лактат ұстасудан соң жоғарылайды және 8-10 ммоль/л.
Палуандар үшін тер бездері қызметінің күшеюі тән. Мұны палуан-
дарды ұстасуға дайындау кезінде ескерген жөн: оны маймен уқалап,
сүртуге болмайды.

           495

⇐ МАЗМҰНЫ
   490   491   492   493   494   495   496   497   498   499   500