Page 150 - indexf
P. 150

Тәжірибелік әдістемелік нұсқауы бар есептер және тест
                              сұрақтары

    Бағалау объектісінің нарықтық құны – бәсекелестік жағдайында
ашық нарықта бағалау объектісін иеліктен шығару үшін болуы
ықтимал, әлде мүмкін болатын баға. Ол мәміле жақтары қажетті
ақпаратты пайдалана отырып, дұрыс шешім қабылдаған жағдайда
және баға деңгейіне төтенше жағдайлар әсер етпегенде мүмкін бола-
тын баға. Белгілі бір объектінің нарықтық баға құнын анықтаған кез-
де, осыған ұқсас объектінің бағасын қосымша талдау жасамай отырып,
бірден негіз ретінде алып қарастыру дұрыс саналмайды. Өйткені мәміле
бағасы сатушы мен сатып алушының осы бағаны қалыптастырудағы
дәлелдері мен себептерін және оған қандай да бір сыртқы факторлар-
дың әсерін сипаттамайды. Жылжымайтын мүліктің нарықтық құны
тепе-тең мәміленің келесі жағдайларында анықталынуы мүмкін:

    –– бәсекелестік деңгейі жоғары нарықтың болуы, сатып алушы-
         лар мен сатушылардың өзара байланысын қалыптастыру үшін
         мүлік түрлерінің неғұрлым мол таңдауын ұсынатын нарық;

    –– сатып алушылар мен сатушылар бір бірінен тәуелсіз, мәміле
         жасалынатын зат туралы толық ақпараты бар, табысын арт-
         тыру және қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету сияқты өз
         мүддесін максималды қанағаттандыру мақсатында әрекет етеді;

    –– бағалау объектісін экспозициялау уақыты барлық потенциалды
         сатып алушыларға хабарлама жасауға жеткілікті, яғни бағалау
         объектісін ашық нарыққа шығарған күннен бастап, онымен
         мәміле жасасқанға дейінгі уақыт кезеңі;

    –– нарықта қалыптасқан қаржы жағдайын пайдалана отырып,
         мәміле төлемін қамтамасыз ету.

    Объектінің нарықтық құнынан басқа, құнның бірнеше түрі бөлінеді.
    Шектеулі нарықтағы объектінің құны бұл ашық нарықта сатыл-
майтын объектінің құны немесе осы объектіні сату, нарықта еркін
айналымдағы тауарларды өткізуге қажет шығындарға қарағанда,
қосымша шығындарды қажет ететін объектілердің құны.
    Объектіні ұдайы ұлғайту құны – бағаланатын объектіге ұқсас
объектіні дәл сондай материалдары мен технологияларды пайдалана
отырып қалыптастыру үшін қажет шығындар жиынтығы. Ол шығындар
жиынтығы бағалау жасайтын күнгі нарықтық бағамен есептелінеді.
    Бағалау объектісінің орнын басу құны – белгілі бір уақытта нарықта
қалыптасқан бағалар негізінде бағалау объектісіне ұқсас объектіні жа-

           150

⇐ МАЗМҰНЫ
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155