Page 153 - indexf
P. 153

Жоғарыда аталған факторлардың әсеріне байланысты жылжы-
майтын мүлікке қатысты әр түрлі операциялардың қорытынды құны
әр түрлі болып табылады. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік
нарығына қатысушылардың қажеттілігіне сай, бір ғана объектінің әр
түрлі құнының шамасы бір бірінен ерекшеленуі мүмкін.

    ЕСЕПТЕР

    1-есеп
    Жер учаскесіне қойма ғимараты салынған. Жер учаскесінің құны
200 мың теңге. Қойма ғимараты құрылысын салу шығындары 2000
мың теңгені құрады. Осы объект, яғни қойма ғимараты мен жер учаскесі
нарықта 3200 мың теңгеге өткізілуі мүмкін, бірақ қысқа уақытта оны
көрсетілген шаманың 70% мөлшеріне сату кепілдігі бар. Берілген
ақпарат негізінде объект құнының қандай түрлерін анықтауға болады
және оның шамасы қандай?

    2-есеп
    Жылжымайтын мүлікті бағалауда қолданылатын салыстырма-
лы амал орнын алмастыру, теңгерімділік, сұраныс және ұсыныс
қағидаттарына негізделеді. Жылжымайтын мүлікті бағалауда
қолданылатын салыстырмалы амалды қолдану реттілігі төмендегідей:
    ●● нарықты зерделеу;
    ●● сатуға ұсынылған және жақында сатылған бағалау объектісіне

         ұқсас объектілер туралы ақпаратты жинақтау және тексеру;
    ●● таңдап және жинап алынған бағалау объектісі мен оған ұқсас

         объектілер туралы деректерді салыстыру;
    ●● таңдап алынған ұқсас объектілердің сату бағасына, оның негізгі

         бағаланатын объектімен айырмашылықтарына сай түзетулер
         енгізу;
    ●● бағаланатын объектінің құнын белгілеу.

    Ең алғашқы кезеңде нарық зерделенеді. Оның негізгі мақсаты
сәйкес нарықтарда бағаланатын объектіге ұқсас жақында сатылған
немесе сатуға ұсынылған объектілерді анықтау болып табылады.
Нарықта жылжымайтын мүлікті нақты сату деректерінің жасырын
болуына байланысты, салыстырылатын объектілерді талдау ұсыныс
бағасына негізделеді.

           153

⇐ МАЗМҰНЫ
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158