Page 147 - indexf
P. 147

70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан – 65 пайыздан асса,
онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.

    Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын
талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті
(Кфункц.) мынадай формула бойынша есептеледі:

                  Кфункц = Кқаб × Кбұр × Кқ. мат × Кжайл × Кжылу
мұнда:

    Кқаб – тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық
    құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,
    Кбұр – тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын
    ескеретін коэффициент,
    Кқ. мат – қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,
    Кжайл – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен
    оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу
    деңгейін ескеретін коэффициент,
    Кжылу – жылыту түрін ескеретін коэффициент.
    Қ абаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету
коэффициенті (Кқаб) қолданылады:

3-кесте. Қабаттылығына қарай қабаттылықтың түзету коэффициенті

№ Қабат                              К қабат

1 Бірінші                            0,95

2 Аралық немесе жеке тұрғын үй 1,00

3 Соңғы                              0,9

    Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез
келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

    Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай
түзету коэффициенттері (Кбұр) қолданылады.

4-кесте. Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай
түзету коэффициенттері

№          Тұрғын жайдың үй бұрышы         Кбұр
              учаскесінде орналасуы

1 Бұрыштағы пәтер                         0,95

2 Бұрышта орналаспаған немесе жеке 1,00

   тұрғын үй

    Сонымен қатар қабырғалар материалына қарай да түзету
коэффициенттері (Кқаб. )мат. қолданылады.

                   147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152