Page 145 - indexf
P. 145

Бұл ретте, елді мекендердің санаттары техникалық реттеу

саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік ор-

ган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес

белгіленеді.

Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық, қызметтік

құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша төменде көрсетілген

формула негізінде есептелінген объектінің құны, салық базасы болып

табылады:

                    Қ = Қб × S × Кфиз × Каек өзг. × Kайм.
Жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы,

шаруашылық, қызметтік құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бо-

йынша келесі тәртіппен айқындалатын құн салық базасы болып табы-

лады:

Мұндағы:      Қ = Қб × S × Kайм.

Қ – салық салу мақсаты үшін құн,

Қб – 1-кестеде белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде
айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық, қызметтік

құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,

гараж бойынша – 15 пайыз,

S – тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық, қыз-

меттік құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының

шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,

Кфиз – белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу
коэффициенті,

Каек.өзг – белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік
көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,

Кайм – белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу
коэффициенті.

Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэф-

фициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле

отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

мұнда:        Кфиз = 1 – Тфиз,

Тфиз – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

                         Тфиз = (Тфиз – Тп.б ) × Наморт /100,
мұнда: Тбаз – салық есепке жазылған жыл,

         Тп.б – салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,

                           145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150