Page 151 - indexf
P. 151

сау шығындары жиынтығы. Ол пайдалылығы ұқсас объектіні салу
шығындарын есепке алу негізінде есептелінеді, мұнда бағалау күні
қалыптасқан бағалар және ұқсас объектілерге қойылатын талаптар,
яғни дизайн, материалдар т.б. ескеріледі.

    Қолданыстағы, пайдалану жағдайындағы объектіні бағалау
құны, бұл қолданыстағы жағдайларға және осы объектіні пайдалану
мақсатына байланысты анықталады. Есептеу объектінің нарықта саты-
лу мүмкіндігі болжамына негізделеді.

    Бағалау объектісінің инвестициялық құны бұл берілген
инвестициялық мақсатқа сай белгілі бір нақты тұлға үшін пайдалылық
деңгейіне байланысты анықталатын құн. Инвестиция салушы жылжы-
майтын мүлікке ақша сала отырып, сол салынған капиталмен қатар,
капиталға үстеме пайда алуға тырысады. Инвестициялық жобаның
құндылығы, пайдалылығы, жайлылығы т.б. факторларының әсеріне
байланысты инвестордың төлей алатын ең жоғарғы деңгейдегі
бағасы объектінің инвестициялық құны болып табылады. Егер,
инвестордың қойылатын талаптары белгілі бір нарықтағы қалыптасқан
коньюнктураға сай болса, инвестициялық және нарықтық құндар
теңеседі.

    Объектінің жойылу құны объектіні амалсыз сату кезінде
есептелінеді. Кәсіпорын меншік иесінің шешімі бойынша, әлде сот
шешімі бойынша жойылған жағдайда анықталынады. Жойылу құны
кәсіпорын активтерін, олардың баланстық құнына тәуелсіз сату кезінде
алынатын ақшалай қаражаттар жиынтығы болып табылады.

    Объектінің арнайы құны, бұл нарықтық немесе басқалай құнның
түсінігіне енгізілмеген, бірақ бағалау стандарттарында көрсетілген
және бағалау қызметі субъектілері қолдануға міндетті болып санала-
тын жағдайлар келісім шартта әлде нормативтік құқықтық актіде ал-
дын ала ескертілген кезде есептелінетін құн. Ол қазіргі кезде әрекет
етуші кәсіпорынның құны, сақтандыру құны, кепілдік құны, жалға
беру құқығы құны түрлеріне бөлінеді.

    Жылжымайтын мүлік құнының өзгерісіне объективті және
субъективті факторлар жиынтығы әсер етеді.

    Объективті факторлар нарықта қалыптасқан әдеттегі жағдайларды
және мәмілеге қатысушылардың әрекеті мен іс қимылынын сипаттай-
ды және негізінен экономикалық факторлар болып табылады.

    Субъективті факторлар мәміле жасау кезеңіндегі сатушының,
тұтынушының және делдалдың іс қимылы мінез-құлқымен тікелей
байланысты болып саналады. Мұнда нарық конъюнктурасының

           151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156