Page 149 - indexf
P. 149

Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа
бөлу коэффициентiн (Кайм.), жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу
саласындағы мемлекеттік органдар жергіліктi атқарушы органмен
келiсiм бойынша, аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне
сәйкес белгілейді.

    Аймаққа бөлу коэффициентінің есептеу әдістемесін жылжымайтын
мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.

    Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мы-
надай формула бойынша айқындалады:

    Каек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек,
мұнда:

    –– ағ. ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
         және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған
         айлық есептік көрсеткіш;

    –– алдыңғы ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда
         белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында
         қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.

    Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық, қызметтiк
құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі
болып табылған жағдайда, салық базасы салық салу объектілерінің
жиынтық құны ретінде айқындалады.

    Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық
төлейтін болып табылған жағдайда, салық базасы әрбір объект бойын-
ша бөлек есептеледі.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Қандай жылжымайтын мүлік құқықтары құқықтық кадастрда
          мемлекеттік тіркеуге жатады?

     2.	 Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке қатысты қандай
          ақпараттар жиынтығы топтастырылады?

     3.	 Жылжымайтын мүлікке салынатын салық түрлерін атаңыз.
     4.	 Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті қалай есептеледі?
     5.	 Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қандай

          тәртіппен жүргізіледі?

           149

⇐ МАЗМҰНЫ
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154