Page 152 - indexf
P. 152

өзгерісі, ақпаратпен қамтамасыз етілу жағдайы, бәсекелестік деңгейі,
іскерлік қатынастардың болуы және оның мәміле жасаушылардың
әрекетіне әсері қарастырылады.

    Объективті факторлардың ықпал етуіне байланысты мәмілелердің
орташа баға деңгейі қалыптасады. Объективті факторлар макро-
экономикалық және микроэкономикалық болып бөлінеді. Жылжымай-
тын мүлік құнына әсер ететін макроэкономикалық факторларға салық
түрлері, инфляция, табыс деңгейі және жұмыссыздық деңгейі, экспорт-
импорт операцияларының даму дәрежесі және т.б. жатады.

    Микроэкономикалық факторлар нақты мәмілелердің объективтік
параметрлерін сипаттайды және объектінің сипаттамасымен тікелей
байланысты. Олар:

    –– объектінің орналасқан немесе тұрған жері жылжымайтын
         мүліктің құнына әсер ететін фактор ретінде қарастырылады,
         мұнда жылжымайтын мүлік орналасқан нақты аймақтың,
         қаланың, ауданның даму деңгейі, инфрақұрылыммен
         қамтамасыз етілуі, дамыған аудандарға жақын орналасуы
         ескеріледі;

    –– Сейсмикалық факторлар – жылжымайтын мүліктің бағасын
         қорытындылаған кезде конструкциялардың сейсмологиялық
         орнықтылығы және сейсмологиялық қорғануды қамтамасыз
         ететін шығындар ескеріледі;

    –– Экологиялық факторлар жылжымайтын мүлік объектісінің
         құндылығына, пайдалылығына, тиімділігіне әсер ететін
         қоршаған ортаның параметрлері;

    –– Жобаның архитектура-конструктивтік және жоспар-
         лау шешімдері фактор ретінде жылжымайтын мүлік
         объектісінің климат жағдайларына сай болуын, жоспарының
         функционалдылығын,сыртқы түрінің тартымдылығын т. б. си-
         паттайды;

    –– Коммуналдық қызмет түрлерімен қамтамасыз етілуі, өйткені
         қажетті қызмет түрлерімен қамтамасыз етілмеген жағдайда,
         осы коммуникацияларды қосу шығындары есептелінеді де
         жылжымайтын мүлік құнына әсер етеді;

    –– Жылжымайтын мүлікпен байланыссыз, бірақ ғимаратпен бірге
         бағаланатын машина, құрал-жабдықтардың және басқалай
         компоненттердің болуы;

    –– Ғимараттың жай-күйі, өйткені күрделі жөндеуді қажет ететін
         ғимараттар мәміле бойынша жылжымайтын мүліктің құнына
         әсер етеді және т.б.

           152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157